- Вакциналар – микроорганизмдерден, олардың бөлшектерінен, өнімдерінен немесе гендік – инженерлік тәсілмен дайындалған, адамдар мен жануарларға енгізгенде жүре біткен жасанды белсенді иммунитет туғызатын биологиялық препараттар.
Вакциналардың түрлері: - I. Тірі вакциналар – вируленттілігі төмендетілген немесе жойылған микробтардшың штамдарынан дайындалады. Тірі вакциналарды екенде әлсізденген микроб штамдары табиѓи жағдайда жұқпалы аурумен науқастанған кездегідей ішкі органдарда өсіп-өніп көбейеді, бірақ ауру қоздырмайды, пайда болған иммунитет ұзақ мерзімге созылады.
- Аттенуацияланған вакциналар – антигендік (иммунолгендік қасиетін сақтаған микробтардың авирулентті штамдарынан дайындалады (қызылшаға, полиомиелитетке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы вакциналар т. б.).
- Дивергентті вакциналар - антигендік қасиеті бойынша патогенді қоздырғыштарға ұқсас, бірақ ауру қоздырмайтын микробтардан дайындалады (шешекке қарсы вакцина сиыр шешегі вирусынан дайындалады).
- Векторлық рекомбинантты вакциналар гендік – инженерлік әдіспен алынады (гепатит В–ге қарсы Нвs геном гепатит В вироусының + сиыр шешегінің вирусы).
Вакциналардың түрлері: - II. Өлі вакциналар – вируленттілігі жоғары микроб штамдарынан дайындайды.
- Корпускулярлы вакциналар – бүтін микроб жасушасынан, вирионынан дайындалады. Оларды өлтіру ұшін әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерін пайдаланады (көкжөтелге, тұмауға, кенелі энцефалит т.б. ауруларға қарсы вакциналар).
- Субжасушалық субвириондық вакциналар - бактерияларды немесе вирустарды ыдыратып, иммунизациялау үшін қажетті антигендік бөлшектерінен дайындайды (іш сүзегіне – О, Н және vi антигендерінен, грипке қарсы нейраминидаза және гемаглютининдерінен).
- Молекулалық вакциналар – экзотоксин молекулаларына формалинмен әсер ететін, антигендік қасиетін сақтаған бірақ токсингендігін жоғалтқан препарат – анатоксин (сіреспеге, дифтерияға, т. б. карсы вакциналар).
Достарыңызбен бөлісу: |