- III. Ассоциацияланған вакциналар – бірнеше вакциналардың қоспасы, бір мезгілде бірнеше ауруларға қарсы қолданылады (АКДС – адсорбцияланған көкжөтел вакцинасы + дифтериялық анатоксин +сіреспелік анатоксин)
- Қазіргі кезде гендік (ДНК) вакциналар дайындау жүргізіліп жатыр.
Вакциналарды дайындау кезеңдері: - тиісті микроб штамдарынан алдын - ала көптеп өсіру;
- физиологиялық ерітіндімен шайып алу;
- микроб тазалығын (біркелкілігін) тексеру;
- вакцитна түріне қарай тиісті амалдар қолдану
- стандарттау;
- консервациялау;
- стерильдігін (өлі вакциналар үшін), иммуногендігін, залалсыздығын тексеру;
- дозасын анықтап, дайын вакциналар шығару.
- Вакциналарды ұнтақ, құрғақ, таблетка, конфет-драже, сұйыќ күйінде шығарылады.
Егу тәсілдері: - тері ішіне
- тері астына
- бұлшық етке
- аэрозольді әдіс (тыныс алу жолдары арқылы)
- энтеральді (ас қорыту жолдары арқылы)
- Жаппай вакцинациялау әдістеріне инесіз әдіс арнайы инъекторлар арқылы егу, пероральді (ауыз арқылы) және аэрозольді әдістер жатады.
Вакцинациялаудың тиімділігі мыналармен байланысты - Вакцинациялаудың тиімділігі мыналармен байланысты
- вакцинаның сапасымен (иммуногенділігімен);
- егілетін организм жағдайымен;
- қолдану тәсілімен; егу календарын мұқият орындаумен.
- Қарсы көрсеткіштер:
- жіті (жедел) инфекцимен ауырып турған жағдай;
- аллергиялық жағдай;
- ОЖЖ аурулары;
- бауыр, бүйректің созылмалы аурулару;
- жүрек – тамыр патологиясының ауыр түрлері;
- иммундық тапшылықтар;
- қатерлі ісік аурулары т.б.
Вакцинациялау негізінде профилактикалық мақсатта, яғни індеттің алдын - алу үшін жүргізіледі: - Вакцинациялау негізінде профилактикалық мақсатта, яғни індеттің алдын - алу үшін жүргізіледі:
- Міндетті түрде егу (туберкулезге, көкжөтелге, дифтерияѓа, сіреспеге, ќызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, полимиелитке, гепатит А және В-ға қарсы).
- Жоспарлы – кәсіби егу (бруцеллезге, күйдіргіге, дизентерияға, іш сүзекк - парасүзекке қарсы т.б.)
- Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша (эпидемия қаупі төнгенде турғындарды жаппай егу)
- Сирек жағдайда (аурудың созылмалы түрінде) емдеу мақсатындат қолданылады (созылмалы бруцеллез, дизентерия, соз, стапфилакоккты іріңді инфекция).
Достарыңызбен бөлісу: |