11-дәріс. Энергияның квантталуы
Дәрістің мақсаты:
- Шредингер теңдеуің әртүрлі кванттық-механикалық есептерге қолданылуын қарастыру.
Массасы m бөлшек Ох осі бойымен ғана қозғалсын. Бөлшектің қозғалысы шұңқырдың қабырғаларымен шектеулі, қабырғалардың координаталары x=0 және x=L. Мұндай өрістегі бөлшектің потенциалдық энергиясы 4.1 - суретте көрсетілген. Бөлшектің функциясы х координатасына ғана тәуелді болғандықтан, Шредингердің стационарлық теңдеуі мына түрде жазылады
d 2 2 m
(4.1)
x 0
және
x L
аймақтарда
x 0
. Пси- функцияның үздіксіздік
шартынан шығатыны, шұңқырдың шекараларында ол нөлге тең болуы қажет
0 L 0 . (4.2)
Шекаралық шарт - (4.2) теңдеуі (4.1) теңдеуіне қосымша. Шұңқырдың шектерінде (бұл аймақта U 0 ) (4.1) өрнегі мына түрде жазылады:
d 2 2 m
dx2
2 W 0 . (4.3)
сурет
Бұл теңдеудің шешімін табу дегеніміз, бөлшектің W (знергетикалық спектр) толық энергиясының мүмкін мәндерін және осы мәндерге сәйкес
келетін х толқындық функциясын табу.
Жоғарыдағы (4.3) теңдеуі – тербелістер теориясындағы белгілі теңдеу.
Ол (4.2) шартты энергияның мына мәндерінде қанағаттандырады
2 2
Wn
2mL2
n2 , (4.4)
мұндағы n 1,2,3...- бүтін сандар.
Бұл нәтиже микробөлшектің потенциалдық шұңқырдағы энергетикалық спектрі дискретті және бөлшек энергиясы квантталатынын көрсетеді. Ал Wn энергияның кванттық мәндері - энергия деңгейлері, n- бас кванттық сан деп аталады.
Бөлшектің меншікті функциясы (4.4) өрнегіне сәйкес,
x Asin n x ,
o x L . (4.5)
n L
Нормалдау шартынан A коэффициенті табылады және (4.5) өрнегі мына түрде жазылады
n x
sin nx . (4.6)
L
Бөлшектің потенциалдық шұңқырдағы энергетикалық деңгейлері 4.2 –
суретте (а), сонымен қатар n x функциясының сызбасы (б) және
координатасы х нүкте айналасында бөлшектің болуының ықтималдық тығыздығының сызбалары келтірілген.
сурет
dP / dx
(в)-
Кванттық және классикалық бөлшектердің айырмашылықтары 4.2 суретте сипатталған. Классикалық бөлшек шұңқырда кез келген энергияға ие бола алады және шұңқыр түбіндегі тыныштықтағы бөлшек үшін Wmin 0 . Ал кванттық бөлшек спектрі дискретті, оның ең аз энергиясы n=1 мәніне сәйкес келеді және ол нөлге тең болмайды. Кванттық бөлшек тыныштықта боуы мүмкін емес. Классикалық бөлшек шұңқырдың кез келген нүктесінде болу ықтималдығы бірдей. Кванттық бөлшектің, мысалы ең төменгі n=1 энергетикалық деңгейде шұңқырдың ортаңғы бөлігінде болу ықтималдығы ең жоғары болады, ал шұңқырдың шет жағында кез келген деңгейде бөлшектің табылу ықтималдығының тығыздығы нөлге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |