отырып
1.5 Мидиялықтар өктемдік жүргізеді. Кіші Азияға, оңтүстігіндегі парсыларға
1.6. Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қатынасы ұзаққа бармады.
Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты.
3.Мидияның патшасы Астиаг (вавилонша Иштубек) пен Вавилон билеушісі
Набонид соғысып жатқан кезде Кир парсыларды мидиялық өктемдікке қарсы
көтерді. Ол Мидия патшасы Астиагты оңай жеңді.Мидияны жаулап алғаннан
кейін, Кир жаулаушылық саясатын кеңейте түсті. Кіші Азиядағы бірнеше
мемлекетті басып алды. Бұл кезде Вавилонның өз ішінде алауыздықтар
басталған еді. Әсіресе, абыздар мен саудагерлер елдегі жиі болып жатқан
бүліктер мен көтерілістерге, патша билігінің әлсіздігіне наразы болды
Оны білетін Кир өзін Вавилон дінінің, мәдениетінің қамқоршысы боламын,
елде тыныштық орнатамын деп мәлімдеді. Сондықтан оны вавилондық
абыздар қолдады. Саудагерлер де үмітпен қарады. Кир оларға арқа сүйей
отырып, барлық әскерін бастап Вавилонға басып кірді.
1.1. Мидияның патшасы. Астиаг (вавилонша Иштубек)
1.2 Вавилон билеушісі . Набонид
1.3 Вавилон мен Мидия патшалары соғысып жатқан кезде. Кир парсыларды мидиялық өктемдікке қарсы көтерді.
1.4 Нәтижесінде Кир патшасы. Астиагты оңай жеңді.Мидияны жаулап алғаннан
кейін, Кир жаулаушылық саясатын кеңейте түсті.
1.5 Кіші Азиядағы бірнеше мемлекетті басып алды. Кир
1.6 Кирді вавилондық абыздар қолдады, саудагерлер де үмітпен қарады. Кир өзін Вавилон дінінің, мәдениетінің қамқоршысы боламын, елде тыныштық орнатамын деп мәлімдегендіктен.
4.Вавилонды Парсы патшалығына қосқаннан кейін, Кир әскерлерімен
батысқа аттанды. Кешегі Египетке тәуелді болған Финикия мен Палестина
халықтары парсыларға қарсылық көрсете қоймады. Бұдан соң Кир Орта
Азиядағы жауынгер сақ тайпаларының жерін өзіне қаратуға ұмтылды.
Бірақ оның сақтарға қарсы жорығының сәтсіздікпен аяқталғаны туралы
сендер Қазақстан тарихынан білесіңдер. Ол жорығының барысында парсылар
талқандалып, Кирдің өзі де қаза табады. Оның орнына ұлы Камбиз патша
болады.
1.1. Вавилонды Парсы патшалығына қосқаннан кейін, Кир әскерлерімен аттанды. батысқа
1.2 Египетке тәуелді болған парсыларға қарсылық көрсете қоймады. Финикия мен Палестина халықтары
1.3 Кир өзіне қаратуға ұмтылды. Орта Азиядағы жауынгер сақ тайпаларының жерін
1.4 Сақтарға қарсы жорық аяқталды. Сәтсіздікпен
1.5 Кир қаза табады. Сақтарға қарсы жорықта
1.6 Кирдің орнына патша болады. ұлы Камбиз
5.Камбиз Египетке жорық жасап, оны бағындырады. Сөйтіп, шығысы Орта
Азияға, батысы Жерорта теңізі мен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан
ірі Парсы патшалығы құрылды.өздерің білесіңдер, ертеректе бұл орасан зор
аумақта бірнеше ірі мемлекеттер өмір сүрген еді. Енді олардың халықтары
парсылардың өктемдігіне бағынуға мәжбүр болды. Парсылар ежелгі
дүниедегі алғашқы империяны құрды. Камбиз Египеттен қайтып келе
жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы
көтерілістерге шықты. Парсы патшасының тағына б.з.б. 522 жылы I Дарий
отырды.Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті.
Көтерілістер орасан зор мемлекеттің жекелеген аймақтары арасындағы
байланыстың нашар екенін, мемлекетті басқару жүйесін реттеу қажеттігін
көрсетті.Көтерілістерді басып, тағына мықтап отырғаннан кейін I Дарий
мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды.
1.1.Египетке жорық жасап, оны бағындырады. Камбиз
1.2. Парсы патшалығы құрылды. шығысы Орта Азияға, батысы Жерорта теңізі мен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан жерде
1.3. Ежелгі дүниедегі алғашқы империяны құрды. Парсылар
1.4. Камбиз қайтыс болды. Египеттен қайтып келе жатқанда
1.5. Парсы патшасының тағына отырды. б.з.б. 522 жылы I Дарий
1.6. I Дарийдің алғашқы жылдары өтті. көтерілістерді басумен
6.Дарий алдымен елді 20 аймаққа бөлді. Әрбір аймақты патша тағайындаған басшылар басқарды. Аймақтар белгілі бір көлемде патша қазынасына салық төлеп отыратын болды, әрбір аймақта әскери бөлімдер тұрды. Оларды тікелей патша тағайындайтын әскербасылар басқарды.Әскербасылар аймақ басшыларына емес, тікелей патшаға бағынды. Сондықтан олар, әскербасылар, аймақ басшыларының үстінен патшаға шағым айта алды. Ал аймақ басшылары да әскербасылардың үстінен патшаға шағымдануға қақылы болды. Бұл жергілікті билеушілерді патшаға тәуелді ету түсті. Барлық билік патшаның қолына жинала берді.
1.1. Дарий елді бөлді. 20 аймаққа
1.2 Әрбір аймақты басқарды. патша тағайындаған басшылар
1.3 Әрбір аймақта тұрды. әскери бөлімдер
1.4 Әскери бөлімдерді басқарды. патша тағайындайтын әскербасылар
1.5 Басшылар да, әскербасылар да бағынды. Тек патшаға
1.6 Аймақтар белгілі бір көлемде төлеп отыратын болды. патша қазынасына салық
7. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі әлемдегі ең таза алтын теңге
шығартуы болды. Ол дарик деп аталды. Оны парсы мемлекеті ғана емес,
көптеген басқа елдер де құнды ақша ретінде пайдаланды.Сөйтіп, дарик
бүгінгі таңдағы америкалық доллар сияқты, халықаралық саудада негізгі
ақша қызметін атқарды. Бұл халықаралық саудадағы Парсы елінің беделін
көтерді.Елдегі сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың
нығаюы үшін үлкен жол салынды. Ол жол сонау Сарды қаласынан басталып,
бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке
қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылды.
1.1. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі болды. әлемдегі ең таза алтын теңге шығартуы
1.2.Әлемдегі ең таза алтын теңге аталды. Дарик деп
1.3. Дарик болды. бүгінгі таңдағы америкалық доллар сияқты
1.4. Дарик. Халықаралық саудадағы Парсы елінің беделін көтерді.
1.5 Елдегі сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін үлкен жол салынды.
1.6 Жол созылды. Сонау Сарды қаласынан басталып, бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін
8. Жол бойындағы әрбір 20 километр жерге бекеттер мен керуен сарайлар
орнатылды. Оларда шабармандар мен хат тасушылар аттарымен хабарды
келесі бекеттегілерге жеткізуге дайын тұрды. Осы жол арқылы елдің
орталығынан патша жарлықтары оның шеткері аймақтарына тез жеткізіліп
отырды. Бұл жолды сол себепті кейде «патша жолы» деп те атады. Бұл
жолмен сауда керуендері де ағылып, жүріп жатты. I Дарий өз елінің
шекарасын кеңейтуге де көп көңіл бөлді. Көрші елдерге үлкен жорықтар
жасап отырды. Сондай жорықтарының бірі сақтарға қарсы болды, Б.з.б. 522
жылы I Дарий таққа келген кезде Орта Азия халықтары азаттық үшін күреске
шықты. Бүкіл Парфия, Маргиана, сақ елі көтерілді
1.1.Жол бойындағы бекеттер мен керуен сарайлар орнатылды. әрбір 20 километр жерге
1.2. Бекеттер мен керуен сарайларда хабарды келесі бекеттегілерге жеткізуге дайын тұрды. шабармандар мен хат тасушылар аттарымен
1.3. Осы жол арқылы елдің орталығынаноның шеткері аймақтарына тез жеткізіліп отырды. патша жарлықтары
1.4.Жол бойындағы әрбір 20 километр жерге бекеттер мен керуен сарайлар орнатылған жолды. «патша жолы» деп те атады.
1.5. Б.з.б. 522 жылы I Дарий таққа келген кезде Орта Азия халықтары азаттық үшін күреске шықты.
1.6. Көтеріліске шыққандар. Бүкіл Парфия, Маргиана, сақ елі көтерілді
9. Б.з.б. 518 жылы I Дарий сақтарға қарсы жорықты өзі бастап шығуға
мәжбүр болды. Орасан зор, көп санды әскерге сақтар төтеп бере алмады.
Бірақ толықтай жеңілмеді де. Ежелгі грек тарихшылары сақтардың ерлік
істері туралы таңғала жазады.Солардың бірінде сақ сарбазы Шырақтың ерлігі
туралы айтылады. I Дарий басқарған бұл жорық та сәтсіздікпен аяқталды.
Бұдан соң ол елдің батысындағы гректер жерін жаулап алуды жоспарлады. Парсы патшалығының құрамына көптеген халықтар кірді.Парсылар олардың мәдени жетістіктерін кеңінен пайдаланды. Өздеріне қажеттілерін ала отырып, өзгертіп, дамыта түсті. Мысалы, қосөзендік сына жазудың таңбаларын азайтып, 42 әріптік жазу жүйесін жасады. Бұл жазуды
жеңілдетті.
1.1. I Дарий сақтарға қарсы жорықты өзі бастап шығуға мәжбүр болды. Б.з.б. 518 жылы
1.2. Ежелгі грек тарихшылары таңғала жазады. сақтардың ерлік істері туралы
1.3. Солардың бірінде сақ сарбазы айтылады. Шырақтың ерлігі туралы
1.4. . I Дарий басқарған сақтарға жорық аяқталды. сәтсіздікпен
1.5. Парсылар жазу жүйесін жасады. қосөзендік сына жазудың таңбаларын азайтып
1.6 Парсылар жазу жүйесі тұрды. 42 әріптен
10. Дарий патшадан «Бехистун» жазуы қалды. Биік жартастағы «Бехистун»
жазуында негізінен патша істері туралы жазбалар қашалған. Әр елдегі мықты
білгірлер мен шеберлерді алдырып, өздеріне қызмет еткізді. Мысалы, египет,
грек дәрігерлері парсы астанасында қызмет еткен.Парсы тілді халықтардың
мұра болып жеткен ең көрнекті әдеби шығармасы - «Авеста». Бұл
шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады.
1.1. Дарий патшадан қалды.«Бехистун» жазуы
1.2.«Бехистун» жазуы қашалған. Биік жартаста
1.3..«Бехистун» жазуында жазылған. патша істері туралы жазбалар
1.4.Парсы астанасында қызмет еткен. египет, грек дәрігерлері
1.5 Парсы тілді халықтардың мұра болып жеткен ең көрнекті әдеби шығармасы - «Авеста».
1.6. «Авестада» уағыздалатын діни ілім . Заратуштра ілімі
11.Заратуштра ілімінің мәні - жақсылық, қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен
жамандық пен қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы күрес әлемдік дамудың
негізі деуінде. Басты құдай Ахурамазда жарық пен жақсылық жасаушы. Үй
жануарлары мен өсімдіктердің қамқоршысы. Оны құрмет тұтып, сиынатындар мал өсіруге, жер шаруашылығымен айналысуға міндетті. Жыртқыштар мен аңдарды
жойып, жамандықты болдырмауға тиісті. Ал Анхра Манью жабайы аңдар мен
жыртқыштардың қамқоршысы. Бейбіт өмір сүріп, еркін еңбекпен айналысушы
адамдарға жамандық жасап, қиындық тудырып отырады.Ахурамазданың да, Анхра
Маньюдің де бағынышты перілері болды. Ол екеуінің күресіне осы перілері
көмектесті. Сондықтан да олардың күресі мыңдаған жылға созылды. Ақыры
қайырымдылық құдайы Ахурамазда жеңіске жетті.
1.1. Жақсылық, қайырымдылық құдайы . Ахурамазда
1.2. Жамандық пен қатыгездік құдайы. Анхра Манью
1.3.Басты құдай жарық пен жақсылық жасаушы. Үй жануарлары мен өсімдіктердің қамқоршысы. Ахурамазда
1.4.Жабайы аңдар мен жыртқыштардың қамқоршысы. Бейбіт өмір сүріп, еркін еңбекпен айналысушы адамдарға жамандық жасап, қиындық тудырып отырады. Анхра Манью
1.5. Ахурамаздада да, Анхра Маньюде де болды. бағынышты перілері
1.6. Соғыс нәтижесінде жеңді. қайырымдылық құдайы Ахурамазда
12.Заратуштра ілімінің бір ерекшелігі болды. Ол бойынша өлген адамның денесін
жерге көмуге де, отқа жағуға да рұқсат етілмеді.Өлі дене жерді де, отты да
ластайды. Өлгендердің денесін жабайы құстарға тастау керек деп есептеді. I Дарийдің
кезінен бастап Ахурамаздаға сиыну кең тарай бастады. I Дарий Ахурамазданы жер,
аспанды, адамдарды жаратушы, өзін патшалардың патшасы, қасиетті құдай деп
жариялады. Сөйтіп, Ахурамазда бас құдай, аспан патшасы, жер патшасы I Дарийдің
қамқоршысы деп есептелінді. Орасан зор Парсы патшалығының құрылуы бір Құдайға
табынуды,жалпы мемлекеттік дінді қажет етті. Дарийдің мұрагерлері тұсында
Ахурамазда парсылардың аспандағы иесі болып танылды.
1.1. Заратуштра ілімі бойынша. өлген адамның денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұқсат етілмеді
1.2. Өлгендердің денесін есептеді. жабайы құстарға тастау керек деп
1.3. Ахурамаздаға сиыну кең тарай бастады. I Дарийдің кезінен бастап
1.4. I Дарий Ахурамазданы жариялады. жер, аспанды, адамдарды жаратушы,
1.5. Өзін жариялады. патшалардың патшасы, қасиетті құдай деп
1.6. Ахурамазда есептелінді. бас құдай, аспан патшасы, жер патшасы I Дарийдің қамқоршысы деп
2 тапсырма. Көп нұсқалы тесттер
1. Ахемен руынан шыққан парсы патшалары:
Достарыңызбен бөлісу: |