9. Ежелгі Финикия мен Палестина
1тапсырма. Тапсырманы түрлендір:
1.Финикия мен Палестина жерлері Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатыр.
Финикия жерлері теңіз жағалауының солтүстік бөлігін, ал Палестина одан оңтүстікке
қарай созылған аймағын қамтиды. Екеуі де таулы өлке. Египет пен Вавилондағыдай
үлкен өзендер де, кең алқапты жазықтар да жоқ. Сондықтан ол өлкенің адамдары өте
ертеден-ақ тау аңғарларындағы шағын жерлердің өзін тиімді пайдалануға тырысатын.
Финикияның теңіздік жағалауларында неше түрлі жеміс ағаштар мен жүзімдіктер
өсірілді. Кейбір жерлерге бидай, арпа, сұлы егілетін. Палестинаның оңтүстігіне қарай
кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құятын. Өлі теңіз дейтін себебі, бұл өте тұзды көл
еді. Сондықтан онда тірі жәндіктер болмады. Тіпті, өзенмен келген балықтар өліп
қалатын. Сол себепті, Өлі теңіз аталған еді.
1.1. Финикия мен Палестина жерлері ореаласқан. Жерорта теңізінің шығыс жағалауында
1.2. Финикия жерлері теңіз жағалауының солтүстік бөлігін, ал Палестина одан оңтүстікке
қарай созылған аймағын қамтиды.
1.3. Финикия мен Палестина жерлері . таулы өлке
1.4. Палестинаның оңтүстігіне қарай кесіп өтетін өзен. Иордан
1.5. Өлі теңіз дейтін себебі. өте тұзды көл болғандықтан
1.6. Финикия мен Палестинада еккен. бидай, арпа, сұлы
2. Палестинаның таулы, үстіртті аудандары мал бағуға ыңғайлы болды. Жалпы
Палестина жерінің табиғаты өте кедей еді. Металл кендері болмады. Кішірек ағаштар
мен бұталар ғана өсті. Биік те үлкен, құрылысқа жарамды ағаштар болмады. Жаңбыр аз
жауған жылдары құрғақшылық болып тұратын. Әсіресе, оңтүстік бөлігінде ыстық та
құрғақ ауа райы, ауыз суының жетіспеушілігі жиі байқалатын.Финикия тарихының
басты ерекшелігі – мұнда біз бұған дейін оқыған мемлекеттер сияқты ірі мемлекеттің
болмауы. Б.з.б. IV мыңжылдықтарда Жерорта теңізі жағалауындағы
финикиялықтардың қоныстары бірте-бірте қолөнер және кеме тоқтайтын айлақ
орталықтарына (Сидон, Тир, Библ т.б.) айналды.Б.з.б. II мыңжылдықтың басында
мұнда бірнеше шағын мемлекеттер болды. Финикия өз алдына мемлекет болған
қалалардан құрылды. Ол елдердің орталығы ірі сауда қалалары еді. Әр мемлекеттің
жері сол қаламен, оның айналасындағы қоныстармен ғана шектелді.
1.1. Палестина жерінің табиғаты. өте кедей
1.2. Оңтүстік бөлігінде жиі байқалатын. ыстық та құрғақ ауа райы, ауыз суының жетіспеушілігі
1.3. Финикия тарихының басты ерекшелігі. ірі мемлекеттің болмауы.
1.4. Жерорта теңізі жағалауындағы финикиялықтардың қоныстары айналды. Қолөнер және кеме тоқтайтын айлақ орталықтарына
1.5. Кеме тоқтайтын айлақ орталықтар. Сидон, Тир, Библ
1.6. Бірнеше шағын мемлекеттер болды.Б.з.б. II мыңжылдықтың басында
1.7. Финикияда болмады. Металл кендері, биік, үлкен, құрылысқа жарамды ағаштар
1.8.Палестинаның таулы, үстіртті аудандары ыңғайлы болды.мал бағуға
3.Солардың ішінде ертерек өрлеп, көркейгендері елдің солтүстігіндегі Угарит пен
оңтүстігіндегі Библ қала-мемлекеттері болды. Олар шығыстағы Вавилон т.б. елдерден
келген тауарларды Жерорта теңізі аралдарындағы елдерге, Египетке жеткізді.
Ал олардың тауарларын кері қарай алып келіп, шығысындағы елдерге өткізіп отырды.
Қаншама байып, көркейгеніне қарамастан, бұл қала-мемлекеттер ынтымақтасып,
басқаларын бағындырып, бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет құра алмады.Оған ең
алдымен, Финикияның жерін таулардың бөліп жатуы, сондықтан өзара байланыстың
болмауы әсер етті. Мұнымен бірге Египет, Хетт, Ассирия сияқты ірі мемлекеттер
бірінен соң бірі бұл өлкеге өктемдік етті.
1.1. Ерте көркейген, өрлеген қалалар. Угарит, Библ
1.2. Хеттерге тауарлар келіп отырды. Вавилоннан, т.б. қалалардан
1.3. Келген тауарларды жеткізді. Жерорта теңізі аралдарындағы елдерге, Египетке
1.4. Финикия мен Палестина қалалары. бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет құра алмады.
1.5. Бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет құра алмады. Финикияның жерін таулардың бөліп жатуынан
1.6. Финикия мен Палестина өктемдік етті. Египет, Хетт, Ассирия
4.Олар сонымен қатар бұл елдердің бірігуіне мүмкіндік бермеуге тырысты. Соған
қарамастан Финикия қала- мемлекеттері ежелгі Шығыстағы мықты сауда орталықтары
болды. Финикия атауы египеттіктердің «фенеху» - «кеме жасаушы» деген сөзінен
пайда болған екен.Египеттіктер бұл атауды бекер қоймаған еді. Ежелгі дүниедегі ең
мықты кеме жасаушылар да, теңізде жүзушілер де осы финикиялықтар болған. Таудан
құрылыс ағаштарын алып келіп, өте ертеден-ақ кемелер жасап, теңізге шығып балық
аулап, көршілеріне барып қайтатын. Қала-мемлекеттердің барлығы дерлік кеме
тоқтауға қолайлы жерлерде еді. Құрлықтағы таулар арқылы жүргеннен гөрі, олар бір-
біріне кемемен оңайырақ баратын. Кемелер көбінесе жүк тасуға ыңғайлы, үлкен етіп
жасалды.
1.1. Египет, Хетт, Ассирия тырысты. елдердің бірігуіне мүмкіндік бермеуге
1.2. Финикия қала- мемлекеттері болды. ежелгі Шығыстағы мықты сауда орталықтары
1.3. Финикия атауы пайда болған. фенеху» - «кеме жасаушы» деген сөзінен
1.4. Финиякияға «фенеху» - «кеме жасаушы» атын берген. Египеттіктер
1.5.Ежелгі дүниедегі ең мықты кеме жасаушылар да, теңізде жүзушілер де болған. финикиялықтар
1.6. Кемелер көбінесе жасалды. жүк тасуға ыңғайлы, үлкен етіп
5.Олар теңізде жүзетін желкенді кемелер еді. Кейінірек ескекті кемелер де көптеп
жасалады. Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында Тир қала-мемлекеті күшейді. Ол бүкіл
Жерорта теңізі бойына сауда орталығын құрды. Олардың көпшілігі аралдар мен
Африканың солтүстік жағалауларында болды. Ол сауда орталықтарының тұрғындары
негізінен финикиялықтар еді. Олар жергілікті халықтарға Финикиядан келген заттарды
сатты. Жергілікті халықтардан көбінесе бағалы шикізаттар алып отырды. Мысалы, піл
сүйегі, асыл тастар және т. б. Сөйтіп, Финикияның саудасы кең көлем алып, гүлдене
түсті. Басты сауда жолы теңіз болды.
1.1 Олар теңізде жүзетін кемелер. Желкенді, ескекті кемелер
1.2 Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында күшейді. Тир қала-мемлекеті
1.3. Жерорта теңізі бойына сауда орталығын құрды. Тир қала-мемлекеті
1.4. Сауда орталықтары кқөбінесе болды. аралдар мен Африканың солтүстік жағалауларында
1.5. Сауда орталықтарының тұрғындары болды. финикиялықтар.
1.6. Жергілікті халықтардан көбінесе алып отырды. Піл сүйегі, асыл тастар және т. б.
6.Финикия теңізшілерінің даңқы бүкіл әлемге әйгілі бола берді. Кеме жасау мен
теңізде жүзу ісінің дамығаны соншалық, Египет билеушісі Нехоның бұйрығымен
финикиялықтар үш жыл жүріп Африка құрлығын айналып шығыпты. Бұл адамзат
тарихындағы ең алғашқы үлкен теңіз жорығы еді.Тирдің оңтүстігінде филистимдіктер
деп аталған халық өмір сүреді. Оларды египеттіктер пелестим деп те атаған. Сол
халықтың атынан Палестина деген жердің атауы пайда болған екен.Палестинаның
ежелгі тұрғындарының бірі хананей деп аталыпты. Олар қалалар салып, көрші
елдермен сауда жасап тұрды. Хананейліктердің жерін Египет жаулап алды. Кейінірек
Палестинаға көшпелі мал бағушы еврей тайпалары келе бастады.
1.1. Египет билеушісі Нехоның бұйрығы, ең алғашқы үлкен теңіз жорығы . финикиялықтар үш жыл жүріп Африка құрлығын айналып шығуы
1.2. Тирдің оңтүстігінде өмір сүрді. Филистимдіктер Филистимдітерді египеттітер атаған. Пелестим деп
1.3. Хананейліктердің жерін жаулап алды. Египет
1.4. Пелистим атауынан пайда болды. Палестина деген жердің атауы
1.5.Палестинаның ежелгі тұрғындарының бірі . хананей
1.6. Палестинаға келе бастады. көшпелі мал бағушы еврей тайпалары
7.Оларға хананейлер де, филистимдіктерде қарсы тұрды. Еврейлердің израил және
иудей тайпалары бұған дейін Синай шөлінде тіршілік еткен еді. Олар Палестинаның
үлкен бөлігін жаулап алды. Бұл жердің солтүстігін израил, ал оңтүстігін иудей
тайпалары иемденді. Олар ұзақ уақыт рулық құрылыс деңгейінде және Египеттің қол
астында өмір кешті. Египет өктемдігінің әлсіреуі кезінде палестиналықтар тәуелсіз ел
болуға ұмтылды. Осы кезде филистимдіктер мен еврейлер арасындағы күрес қайта
күшейді. Соның барысында бытыраңқы израил және иудей тайпалары біріге бастады.
Дәуіт патшаның кезінде Израил-иудейлік мемлекет құрылды.Ол екі тайпаның бірігуіне
кедергі келтіріп келген хананейліктердің Иерусалим атты қаласын басып алды. Сөйтіп,
екі елдің ортасында тұрған бұл қаланы астана етті. Тұрақты әскер құрып, мемлекеттік
басқару жүйесін реттеді.
1.1. Еврейлерге қарсы тұрды. хананейлер, филистимдіктер
1.2.Еврейлердің израил және иудей тайпалары бұған дейін тіршілік еткен. Синай шөлінде
1.3. Палестинаның солт-де өмір сүрді. Израил Палестинаның оңт-ін мекендеді. Иудей
1.4. Египет өктемдігінің әлсіреуі кезінде палестиналықтар ұмтылды. тәуелсіз ел болуға
1.5. Израил және иудей тайпалары бірігіп құрған мемлекет. Израил-иудейлік мемлекет
1.6. Израил-иудейлік мемлекеті хананейліктердің басып алды. Иерусалим атты қаласын
1.7. Израил-иудейлік мемлекетін құрған. Дәуіт патша
1.8. Израил-иудейлік мемлекетінің астанасына айналған қала. Иерусалим
8.Египет билеушілеріне еліктеп, алдына келген адамдардың иіліп тәжім етуін талап
етті. Алым-салықты реттеу үшін халық санағын жүргізді. Сүлеймен патшаның кезінде
Израил-иудей елі гүлдене түсті. Финикиялық қолөнершілерді алдырып, сарайлар мен
бекіністер салдырды. Иерусалимде Яхве Құдайға арналған храм тұрғызылды,әсіресе
сыртқы сауда дами түсті. Финикиядан құрылыс заттары, Африкадан асыл тастар, піл
сүйегі әкелінді. Мемлекеттің жері бұрынғы рулық қоныс бойынша емес, жаңаша 12
әкімшілік аймаққа жіктелді. Оған хананейліктердің қалалары мен қоныстары да кірді.
1.1.Израил-иудей елі гүлдене түсті. Сүлеймен патшаның кезінде
1.2. Иерусалимде тұрғызылды. Яхве Құдайға арналған храм
1.3. Иерусалимде дами түсті. сыртқы сауда
1.4 Финикиялық қолөнершілерді алдырып, салдырды. сарайлар мен бекіністер
1.5. Израил-иудейгн әкелінді. Финикиядан құрылыс заттары, Африкадан асыл тастар, піл сүйегі
1.6. Мемлекет жіктелді. 12 аймаққа
9.Әрбір аймақты салық жинауға жауап беретін әкім басқарды. Сүлейменнің кезіндегі
бұл өрлеумен байланысты, оны қасиетті билеуші, пайғамбар ретінде дәріптеу ежелгі
шығыстағы көптеген билеушілерден асып кетті. Ол туралы жырлар мен аңыздар бізге
дейін жетті. Дегенмен, израил мен иудейліктердің бірлігі мықты болмады. Израил
жерінде жер шаруашылығы жетекші сала болса, иудейліктер мал шаруашылығымен
айналысты. Мұның өзі олардың арасын алшақтатуға себеп болды.Сүлейменнің салған
алым-салықтарына израилдықтар наразылық білдірді. Олардың көсемі Египеттің
көмегімен, Сүлеймен қайтыс болған соң көтеріліс жасап, Иерусалимді тонады.
1.1. Әрбір аймақты салық жинауға жауап беретін . әкім
1.2. Сүлейменнің кезіндегі өрлеумен байланысты. оны қасиетті билеуші, пайғамбар ретінде дәріптеуді талап етті
1.3. Израил жерінде жетекші сала . жер шаруашылығы
1.4. Иудейліктер айналысты. мал шаруашылығымен
1.5. Сүлейменнің салған алым-салықтарына наразылық білдірді. израилдықтар
1.6. Израилдықтардың көсемі Сүлеймен қайтыс болған соң көтеріліс жасап, Иерусалимді тонады. Египеттің көмегімен
10.Сөйтіп, Израил бір бөлек, Иудей бір бөлек патшалықтар болып кетті. Екеуінің
арасындағы ұзаққа созылған күрес елді әлсіретті. Оны көрген көрші елдер басып алуға
ұмтылды. Әсіресе, ассириялықтардың соққысы ауыр болды. Ассириялықтар Израил
патшалығының астанасы Самарияны қиратып, халқын тұтқындап айдап әкетті. Ал
Вавилон патшасы Иерусалимді талқандап, халқын құлдыққа түсірді.Финикиялықтар
мәдениетінің ірі жетістігі әліпбилік жазу жүйесі болып есептеледі. Жазудың жеңілдеу
бұл жүйесі б.з.б. XIII ғасырда жасалған еді.Сауданың кең түрде жүргізілуі қарапайым
әрі тез жазу жүйесін қажет етті. Сондықтан финикиялықтар ежелгі Вавилон мен
Египеттің мәдени мұраларын пайдалана отырып, жаңа жазу жүйесін ойлап шығарды.
1.1. Израиль-Иудей мемлекеті. бөлек патшалықтар болып кетті.
1.2. Израил патшалығының астанасы Самарияны қиратып, халқын тұтқындап айдап әкетті. Ассириялықтар
1.3. Иерусалимді талқандап, халқын құлдыққа түсірді.Вавилон патшасы
1.4.Финикиялықтар мәдениетінің ірі жетістігі болып есептеледі. әліпбилік жазу жүйесі
1.5.Жазудың жеңілдеу жүйесі жасалған еді. б.з.б. XIII ғасырда
1.6. Сауданың кең түрде жүргізілуі қажет етті. қарапайым әрі тез жазу жүйесін
1.7. Финикиялықтар жаңа жазу жүйесін ойлап шығарды. ежелгі Вавилон мен Египеттің мәдени мұраларын пайдалана отырып
1.8. Израильге ауыр соққы болды. Ассириялықтардың соғысы
11.Вавилондық жазудың негізінде, алдымен 29 әріптен тұратын жазу жүйесімен
салыстыра отырып, 22 әріптік әліпби (алфавит) жасалды. Екі ұлы мемлекеттің жазуы
негізінде дүниеге келген бұл әліпби оңай әрі тез жазуға мүмкіндік берді.Сондықтан
оны кейін көптеген халықтар пайдаланды. Соның негізінде гректік жазу жүйесі
қалыптасты. Біздің бүгінгі таңда пайдаланып отырған жазуымыз да сол негізде дүниеге
келген еді.Финикиялықтардың діни нанымдары бізге жеткен жырларында баяндалған.
Әрбір қала- мемлекеттің өз құдайы болды. Мифтік шығармалардың ішінде кең
таралғаны «Ваал және Алийян» дастаны.Ваал – көктем құдайы. Алийян - оның ұлы.
Ваал құдайға арнап храм тұрғызылады. Онда Ваал өзінің өлім құдайы Мотты жеңгенін
жариялайды. Бірақ Ваал құдайдың өзі өледі де, баласымен бірге о дүниеге, жер астына
түседі.
1.1. Финикиялықтардың әліпбиі. 22 әріптік әліпби
1.2. Бұл жазу мүмкіндік берді. оңай әрі тез жазуға
1.3. Финикиялықтардың негізінде қалыптасты. гректік жазу жүйесі
1.4. Әрбір қала- мемлекетте болды. өз құдайы
1.5. Мифтік шығармалардың ішінде кең таралған дастан. «Ваал және Алийян» дастаны.
1.6. Ваал – көктем құдайы. Алийян - оның ұлы.
12.Ваалдың әйелі, құнарлылық құдайы Анат өлім құдайы Мотпен күреседі. Ақыры
Ваал өлім құдайы Мотты жеңіп, қайта тіріледі. Ежелгі еврейлер мәдениетінің
қалыптасып, дамуына египеттіктер мәдениеті үлкен әсер етті. Египеттіктер мен басқа
да халықтар сияқты еврейлер де әртүрлі табиғат күштеріне, жануарларға табынды.
Бірақ финикиялықтардан айырмашылығы, еврейлерде құдайға табыну басым болған
екен. Олардың ең басты құдайы Яхве деп аталды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы
деп есептелген Яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді. Патша
құдайдың ұлы, оны тыңдап, құрметтеу қажет. Оны еврейлер құдайлар сияқты күнге,
жаңбырға әсер ете алады деп ойлады.
1.1.Ваалдың әйелі, құнарлылық құдайы. Анат
1.2 Өлім құдайы.Мот
1.3. Анат Мотты жеңіп. Ваал қайта тіріледі.
1.4. Еврейлерде құдайға табыну басым болған . құдайға табыну
1.5. Еврейлер табынды. әртүрлі табиғат күштеріне, жануарларға
1.6. Олардың ең басты құдайы аталды.Яхве деп
1.7. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді. Яхве
1.8. Патша есептелінді. Құдайдың ұлы деп
2. Тапсырма. Көп нұсқалы тесттер:
1.Финикиялықтардың портты қалалары:
Достарыңызбен бөлісу: |