8. Хетт патшалығы



бет6/29
Дата14.04.2023
өлшемі90.33 Kb.
#472268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
2 айналым 8-19

10. Ежелгі парсы патшалығы
1тапсырма. Тапсырманы түрлендіріп жаз.
1. Парсы патшалығының құрылуы. Иран үстіртінің Оңтүстігінде,
Вавилонның оңтүстік-шығысында парсы тайпалары өмір сүрген еді. Олар
сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында бірігіп, тайпалар одағын құрды.
Парсы тайпалары одағын ахемен деп аталған рудан шыққан көсемдер
басқарды. Солардың ішінде Кир (парсыша Кураш) есімді қабілетті көсем
болды. Кейбір аңыз бойынша, оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп
асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп
өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болып өсіпті.
1.1.Иран үстіртінің Оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында өмір сүрген. парсы тайпалары
1.2. Парсы тайпалары өмір сүрді. Иран үстіртінің Оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында
1.3. Парсы тайпалар бірікті. Сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында
1.4. Парсы тайпаларынын көсемі. Ахемен руынан шыққан.
1.5 Қабілетті көсем болды. Кир (парсыша Кураш)
1.6. Кир туралы аңыз бар. Оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп
асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп
өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болып өсіпті.
2.Бұл, әрине аңыз еді. Дегенмен, сол Кир парсы тайпаларының одағын
күшейтті, оның басқару жүйесін жетілдірді. Содан соң өзін парсылардың
патшасымын деп жариялады. Бұл кездерде Вавилонның солтүстік-
шығысында Мидия мемлекеті пайда болған еді. Ассирия мемлекетінің
әлсіреуі мидиялықтардың күшеюіне мүмкіндік берді. Жоғарыда, Ассирияның
құлауы туралы мәселеде айтылғандай, мидиялықтар Вавилонмен одақтаса
отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандайды. Одан соң мидиялықтар
Кіші Азияға, оңтүстігіндегі парсыларға да өктемдік жүргізеді. Бірақ
Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қатынасы ұзаққа бармады.
Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты.
1.1. Парсы тайпаларының одағын күшейтті. Кир
1.2. Кир өзін жариялады. парсылардың патшасымын деп
1.3. Мидия мемлекеті пайда болған. Вавилонның солтүстік-шығысында
1.4. Ассирия мемлекетін талқандайды. мидиялықтар Вавилонмен одақтаса


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет