8 сынып ІІІ оқу тоқсанына Қазақстан тарихынан Қысқа мерзімді жоспар



бет13/39
Дата13.03.2024
өлшемі1.72 Mb.
#495360
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
382 Т бұйрық-8 сынып Қаз.т-ҚМЖ-ІІІ тоқсан

«Бесеудің хаты» құжатын төменде берілген сұрақтар негізінде талдау.
Сұрақтар:
Бұл құжатты басқаша қалай атауға болады?
Кілтті сөз тіркестерді анықтаңыздар.
Қандай себептен бұл құжат жазылды деп ойлайсыздар?
Бұл құжатты дайындаудағы мақсат қандай?
Құжатта кімнің мүддесі қорғалып тұр?
Сол уақытта және қазіргі кезде құжаттың маңыздылығы қаншалықты?
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;

БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекинжолдасқа
 
...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...
... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?
 Ғабит МҮСIРЕПОВ
Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ
Мансұр ҒАТАУЛИН
Емберген АЛТЫНБЕКОВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет