96. Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуының салдары мен себептерін өз сөзіңізбен айтыңыз.
Қазіргі таңда статистикалық зерттеулерге сүйенер болсак, балаларда туа біткен және жүре пайда болған кемістіктердің жиі бөлігін балалардың церебральді салдылығы құрайды.
Балалардың церебралдық салдары - дамып жетілмеген бас миының зақымдануы. Орталық жүйке жүйесі қозғалыс тетіктерінің патологиялық дамуына немесе зақымдануына байланысты тірек қозғалыс аппараттары бұзылып, ол тікелей ақыл-ойдың дамуына, қоршаған ортаны тікелей қабылдауға әсер етеді. Қимыл қозғалыс координациясы дұрыс дамымай , қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қимылы жетілмеумен сипатталады. Қазіргі кезде біздің елімізде сал ауруымен ауыратын балалардың саны жыл санап көбейіп келуде. Бұл ауру қимыл психикалық бұзылуларының әр алуан түрлерімен білінетін мидың полиэтиологиялық ауруы. Ол өте күрделі және әртүрлі. Балалардың церебралдық салдары соңғы мәліметтер бойынша, бір мың нәрестенің 2-3 де кездеседі. Медицинаның жетілуіне байланысты соңғы жылдары балалардың церебралдық салдары деген диогнозды балаға 6 ай толысымен қоюға болады. Мидың зақымдануы ұрық дамуының ерте кезеңінде, оның морфологиялық және функционалдық толығуы кезінде пайда болады. Баланың церебралдық сал ауруының алғашқы клиникалық сипаттамасын 1861 жылы ағылшын хирургы Вильям Литли сипаттап, ал 1893 жылы Фрейд ұсынған. Оның айтуынша, салдықтың болу себебі ми жұмысының әртүрлі жағдайдан өзгеріске шалдығуы. Ауру бастапқы кезеңде басталып көп жылға, кейде өмірдің соңына дейін созылады. Балада сал ауруының пайда болуына ықпал жасайтын факторлар үш топқа бөлінеді; босануға дейінгі , босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі.
1) Босануға дейінгі факторлар жатыр ішінде немесе туа пайда болатын:
а) қан құйылу, жүрек – қан тамыр жетімсіздігі, жүктілік кезіндегі токсикоз, инфекциялық аурулар, т.б әсерінен ұрыққа оттегінің жеткілікті жеткізілмеуінен болатын гипоксия :
ә) зиянды ішкі және сыртқы факторлар (дәрі - дәрмектер әсіресе антибиотиктер зат алмасу бұзылуы және ананың басқада аурулары, жүкті ананың дұрыс тамақтанбауы, әкесі мен анасының созылмалы алкоголизмге ұшырауы, анасының немесе әкесінің созылмалы аурулары):
б) резус-фактор.
2) Босану кезіндегі факторлар (босану кезіндегі жарақаттану және туу кезіндегі асфексия )
3) Босанғаннан кейінгі факторлар. Бұл кезде баланың церебралдық салдануына параинфекциялық энцефалопатиялар аса жиі әсер етеді. Сонымен баланың церебралдық сал ауруының этиологиясында ұрыққа әсер ететін әр түрлі зиянды факторлар, асфексия және туу кезіндегі жарақаттану маңызды роль атқарады. Асфексия және қан құйылумен қосарланатын туу кезіндегі жарақаттың пайда болуы қан -тамыр жүйесінің мүмкіншілігінен айырылуы мен фибриннің азайғандықтан қан ұйығыштығының төмендеуіне байланысты. Мидың жатыр ішінде зақымдануы ана мен ұрық қанының сәйкессіздігіне, ана қорегінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Нәресте миының зақымдануы мен баланың церебралдық салдануына гемолиздік ауру, диатез сары аурудың түрлері, резус сәйкессіздік маңызды роль атқарады. Босану кезіндегі жарақаттануға байланысты ми затындағы өзгерістер мен ыдырау жарақаттанумен бір мезгілде басталып, одан әрі біраз уақытқа созылуы мүмкін. Ол кейін мидың әр бөлігінде құрылымдық бөлігіне мүмкіндік жасайтын гипоксияның аймақтық құбылыстары мен ми қан айналысының қайталанатын өткінші құбылыстарына себепші болуы ықтимал. 1-3 жастағы балаларды церебралдық салдану әдетте инфексиялық аурулардан, сирегірек жағдайда жарақаттанудан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |