81. Балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдалуын түсіндіріңіз


Мүмкіндігі шектеулі балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдануын түзету үшін қандай әдістер қолданылуы керек, мысал келтіріңіз



бет17/20
Дата02.05.2024
өлшемі102.68 Kb.
#500297
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Инклюзив сессия жауаптары Аяулым

97. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдануын түзету үшін қандай әдістер қолданылуы керек, мысал келтіріңіз.
Балалардың дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Мықты денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Бала денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сондықтан елімізде баланың дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. Дене тәрбиесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмыстарға құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсат келесі міндеттерге негізделеді: білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру; сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту; тәрбиелік міндеттер – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық көңіл-күй жағдайын көтеру, әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне қамқорлық жасау - бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесін беру арнайы білім беру саласының мамандарының назарын аудартады. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың басым бөлігі – церебралды сал ауруына шалдыққан балалар. Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларғауақытында емдеу курстарын бастап, жаттығуларды кешенді түрде жүргізу - баланың денсаулық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы дамыту жаттығулары арнайы мектептің барлық сыныптары бағдарламасына қарастырылған. Оқушылардың, дұрыс, терең дем алуы, сымбатты тұлғасын қалыптастыруда жалпы дамыту жаттығулары маңызды орын алады. Сонымен қатар, сабаққа дейінггі гимнастика, сергіту сәттері жиынтығын құрастыруда өте қажет жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларының ерекшеліктері – бұлшық етттердің жекелеген топтарына, иіннің, кеуденің, құрсақ шандырының, аяқтың және басқа жердің бұлшық еттеріне әсер етуі. Бұл жаттығулар топтарының басқа жаттығулардан ерекшелігі емдік прфилактикалық жаттығулар ретінде қолданылуы. Мысалы: кеуде қуысы қызметі бұзылғанда, дене бітімі дұрыс қалыптаспағанда, омыртқа қызметін дұрыс қалыпқа келтіруде де қолданылады.
Жаттығулар жиынтығын құрастыру барысында келесі талаптар орындалуы қажет:
-жаттығуларды орындау барысында өте тиімді қарапайым жаттығудан бірте-бірте күрделіге ауысуы;
-дене түсетін салмақтың бірте-бірте өсуі;
-жаттығулардың барлық бұлшық еттер топтарына әсерінің болуы;
-әртүрлі бұлшық ет топтарына қарай жаттығуларды іріктеу, бірте-бірте орындату;
-дұрыс сымбат қалыптастыруға негізделген және тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде жоспарлау .
Шартты түрде, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды физикалық дамытатын келесі жалпы дамыту жаттығулар кешенін қолдануға болады:
•Тыныс алу жаттығулары
•Қолға арналған жаттығулар
•Аяққа арналған жаттығулар
•Созылуға арналған жаттығулар
•Бұлшықеттерді босаңсуға арналған жаттығулар (релаксация).

Релаксация латынша (relahatio-тынығу,босаңсу) - толық және бұлшық еттің кейбір бөліктерінің босаңсуымен байланысты тыныштық жағдайы.Релаксация жаттығуларының түрлі әдістері бар. Ең кең тараған түрі бұлшық еттің ширығуы мен босаңсуына негізделген бұлшық ет релаксациясы. Релаксациялық жаттығулар оқу барысында туындайтын жүйкелік-психикалық мазасызданудың алдын алуға, қиялдауына, өзіне деген сенімін қалыптастыруына жағдай жасайды. Релаксацияны барлық топта, кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады. Релаксация технологиясының қарқындығын, мақсатын балалардың жағдайына байланысты анықтап, қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет