9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Дауысты дыбыстарға анықтама



бет6/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
ответи сессии

18.Дауысты дыбыстарға анықтама
Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі – қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым – белгі, ерекшеліктер мынадай болып келеді.
1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспау да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін қозғалысқа түседі.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.
4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылады. Сондай-ақ дауыстылар қатаңды ұяңдатып тұрады. Мәселен: қабы (қап-ы), қарағой (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі) т.б.
Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болды.
20.Дауысты дыбыстардың топтастырылуы және оның түрлері
қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі.
1. Тілдің қатысына қарай:
а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;
ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и.
Жуан дауыстыларларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріліңкірейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң – сингорманизмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.
2. Ерін қатысына қарай:
а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
ә) Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингорманизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.
Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингорманизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.
3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә;
ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;
б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у;
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екуінің аралығында айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет