№9 ДӘріс «ЕҢбек нарығЫ. ЖҰмыссыздық МӘселесі»



бет4/7
Дата06.11.2023
өлшемі1.48 Mb.
#482469
1   2   3   4   5   6   7
Lecture 9 Macro

4) Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
5) Технологиялық (техникалық) жұмыссыздық - техника мен технологияның жаңа буындарына көшуге, қол еңбегін механикаландыру мен автоматтандыруға байланысты пайда болатын жұмыссыздық; бұл орайда нарықтың көлемі артса, онда сайып келгенде жұмыспен қамтылу да артады, әйтсе де сұраным басқа кәсіптер мен мамандықтардағы қызметкерлерге ұсынылады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбастылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.
Милтон Фридмен
Эдмунд Фелпс
Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың деңгейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон және Дж.Буш әкімшіліктерінің орын алған саясаттары нәтижесінде оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистердің айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.
Толық жұмысбастылық жағдайында өндіріс көлемі Y*-ға, ал жұмыссыздықтың деңгейі u*-ға тең. Егер жұмысбастылық төмендесе, онда өндіріс кӛлемі Y1-ге қысқарады, ал жұмыссыздық деңгейі u1-ге дейін өседі. Сәйкесінше, А нүктесі де, В нүктесі де Оукен қисығының бойында жатыр. Осыған қарап біз өндіріс көлемі мен жұмыссыздық деңгейінің арасында кері байланыс бар екенін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет