жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін мемлекеттің салықтық және заңдық шаралар арқылы ынталандыруы;
жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруына көмектесу;
халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбастылық мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шараларын жүргізу;
білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салаларында жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесідей кепілдемелер беріледі: - материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру;
- тегін медициналық қызмет көрсету.
Еңбек биржасы– бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады.
№ 9 практикалық сабақ тапсырмалары Төмендегі зерттеу тақырыптарарының бірін таңдап, топ-топпен презентация дайындаңыз:
Еңбек нарығын дамытудың және жұмыспен қамтудың шетелдік тәжірибелері (4-5 мемлекеттің мысалында)
Қазақстандағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың негізгі ерекшеліктері және мемлекеттік саясаттың жаңа мүмкіндіктері.
Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікке байланысты нақты шаралар.
Қазақстан экономикасындағы халық санының категориялары және жұмыссыздық деңгейіне статистикалық талдау жасау.
Еңбек биржасын ұйымдастырудың шетелдік және Қазақстандық саясаты (салыстырмалы талдау).
Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнстік тұжырымдалары.
Фридменнің табиғи жұмыссыздық теориясы.
Беверидж қисығы.
Қазақстан Республикасының еңбек биржасының құрылу тарихы және қазіргі атқаратын қызметтері.