- Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жербетi маңы бөлiгiндегi термодинамикалық жағдайларда химиялық төзiмсiз болатын тереңдiк таужыныс массаларының қайта топтануына байланысты. Мору қыртысы Жер қойнауында грунт суы деңгейiне дейiн, яғни жер бетiнен 60–100 м, кейде 200 м тереңдiкке дейiн таралады. Морудың негiзгi агенттерiне су, оттек, көмiр қышқылы, организмдер мен температураның ауытқуы жатады.
- Түпкiлiктi таужыныстардың мору қыртысында ыдырауына маңызды ролдi тотығу, гидраттану, гидролиз реакциялары атқарады. Мору қыртысындағы геохимиялық түрленулер сатылана жүретiндiгiмен сипатталады. Бастапқы сатыда мору таужыныстардан оңай еритiн тұздар (сульфат, хлорид және калий, натрий, кальций, магний карбонаттары, кремнийтотық) шығарылған кезде өтедi. Осымен бiр мезгiлде алюминий, темiр мен марганецтiң жиналуына әкелетiн силикаттар гидролизi жүредi. Минералдардың ыдырау жылдамдығы әр түрлi және олардың құрамы мен кристалдық құрылымына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |