Киноварь-антимонит кенорындары Олардың магмалық таужыныстармен тiкелей байланысы анықталмаған. Осы себептi мұндай кенорындар беймагмалық деп аталады. Олар күмбез тәрiздi және сандықша қатпарлармен, сондай-ақ айырылымдық бұзылыстармен күрделенген терригендiк және карбонат комплекстер арасында жатады. Руда қабат тәрiздi жатындар мен линзалардан, кендi желiлер мен штокверктермен тоғысқан денелерден тұрады (сурет). - Киноварь-антимонит кенорындары Олардың магмалық таужыныстармен тiкелей байланысы анықталмаған. Осы себептi мұндай кенорындар беймагмалық деп аталады. Олар күмбез тәрiздi және сандықша қатпарлармен, сондай-ақ айырылымдық бұзылыстармен күрделенген терригендiк және карбонат комплекстер арасында жатады. Руда қабат тәрiздi жатындар мен линзалардан, кендi желiлер мен штокверктермен тоғысқан денелерден тұрады (сурет).
- Басты руда минералдар – киноварь, антимонит; қосымша минералдар – реальгар, аурипигмент, пирит, халькопирит, марказит, солғын кендер. Негiзгi желiлік минералдарға кварц, кальцит, флюорит пен барит жатады.
- Кенорындар таралған: Орта Азия (Қадамжай, Хайдаркен, Чаувай), Украина (Никитовка), Болгария (Рыбново), Испания (Альмаден), ҚХР (Синьхуаньшань, Ваньшань), Перу.
- Қадамжай кенорнының геологиялық қимасы (Н.А.Никифоров бойынша): 1–құмтас-тақтатас түзiлiмдері; 2–гравелит қабатшалары бар сазды тақтатас; 3–шомбал әктас; 4–бастырма; 5–басқа жарылымдар; 6–рудалы мүйiзтас-жаспероид брекчия
Достарыңызбен бөлісу: |