Нәтижесiнде құрамы әр түрлi (немесе әр түрлi мору профилi) және өздерiне тән пайдалы қазба кенорындары бар мору қыртысы пайда болады. Мору қыртысының профилi үш түрге бөлiнедi: қаныққан сиалиттiк, қанықпаған сиалиттiк және алиттiк. - Нәтижесiнде құрамы әр түрлi (немесе әр түрлi мору профилi) және өздерiне тән пайдалы қазба кенорындары бар мору қыртысы пайда болады. Мору қыртысының профилi үш түрге бөлiнедi: қаныққан сиалиттiк, қанықпаған сиалиттiк және алиттiк.
- Қаныққан сиалиттiк (гидрослюдалы) профиль гидраттану мен гидролиз реакцияларында силикаттар құрамынан кремнеземнiң шамалы мөлшерде шығарылуына байланысты өзгеруiмен сипатталады. Бүл профильдiң типоморфтық минералдары – гидрослюда, гидрохлорит, бейделлит, монтмориллонит. Пайдалы қазбалар қалыптасуында бұл тип айтарлық роль атқармайды.
- Қанықпаған сиалиттiк (сазды) профиль кремнийтотықтың шығарылуымен айрықшаланады. Оның типоморфтық минералдары каолинит, галлуазит, нонтронит, кварц болғандықтан, мору қыртысының бұл типiмен саз бен каолиннiң кенорындары ассоциацияланады.
- Алиттiк (латериттiк) профильдің типоморфтық минералдары – алюминий гидроксидтерi, темiр оксидтерi мен гидроксидтерi. Бұл профильге барлық негiзгi мору кенорындары байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |