Шешуі:
«Күріш немесе қант» деген қорапта
Кеспе болады, сонда «кеспе» деген
қорапта күріш, ал «күріш» деп
жазылған қорапта қант бар.
Жауабы: Қант
Күріш немесе қант
Күріш
⟹ кеспе
⟹ күріш
Кеспе
⟹ қант
vk.com/dostykteam
Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 16, қызыл түсті емес шарлар саны 15. Жасыл түсті емес шарлар саны 17. Тізбеде қанша шар бар? Қызыл түсті шар нешеу?
A) Барлығы 29, қызыл 9 B) Барлығы 34, қызыл 11
C) Барлығы 29, қызыл 11 D) Барлығы 33, қызыл 9
E) Барлығы 24, қызыл 9
Шешуі:
сары түсті емес шарлар саны 16 ⟹ қызыл + жасыл = 16
қызыл түсті емес шарлар саны 15 ⟹ сары + жасыл = 15
жасыл түсті емес шарлар саны 17 ⟹ сары + қызыл = 17
2қызыл + 2сары + 2жасыл = 16 + 15 + 17
2(қызыл + сары + жасыл) = 48
қызыл + сары + жасыл = 24
24 – 15 = 9
Жауабы: барлығы 24, қызыл 9
vk.com/dostykteam
Марат, Қанат, Жанат, Болат және Самат киноға билет алу үшін касса алдына тізбектеліп тұрды. Жанат Қанаттан бұрын, бірақ Саматтан кейін тұр. Самат Мараттың қасында емес. Болат Жанаттың да, Саматтың да, Мараттың да қасында емес. Олар кезекте қалай тұрғанын анықтаңыз
A) Марат, Жанат, Самат, Қанат, Болат
B) Болат, Қанат, Самат, Марат, Жанат
C) Самат, Жанат, Марат, Қанат, Болат
D) Болат, Самат, Марат, Жанат, Қанат
E) Самат, Марат, Жанат, Қанат, Болат
Шешуі:
Самат Мараттың қасында емес деген шартқа В, D және Е варианттары қайшы келеді. Жанат Саматтан кейін тұр деген шартқа А варианты қайшы келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |