А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет10/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
1.3 Бел, құймышақ, құйрық бөлімдері 
Сабақтың мақсаты:
1.Қаңқа бетінде бел, құйымшақ және құйрық бөлімдерінің омыртқаларын 
көрсетіп, оқып-үйрену. 
2. Ірі қара мал мен әртүрлі үй жануарларының бел, құйымшақ және құйрық 
омыртқа құрылыстарының ең маңызды ерекшеліктерін оқып-зерттеу. 
 
Бел омыртқалары - vertebrae lumbalis. 
Өте жақсы жетілген көлденең, буын, біркелкі дамыған жоталық өсінділері және 
денесінде тегіс келген басы мен шұңқыры болады(сурет 6). Бұл құрылыс 
белінің беріктігі мен қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ірі қара малда -6, 
жылқыларда 5-6, шошқаларда 5-7 және иттерде -7 бел омыртқасы бар. Бел 
бөлімінде қабырғалар қысқартылған және олардың дорсальды ұштары 
көлденең өсіндісімен тұтас болып келеді.
 


17 
 
 
6-сурет. Бел омыртқасы. А – жылқы, Б – ірі қара мал; В – шошқа, Г – ит. 1 – 
білікті өсінді, 2 – көлденең қабырға өсіндісі, 3 – краниальды және 4 – 
каудальды буын өсіндісі, 5 – емізікше өсіндісі, 6 – қосымша өсіндік. 
 
Ерекшеліктері: жылқыларда бірінші омыртқаның денесі үш қырлы және онда 
вентральды жотасы орналасқан, қылтықты өсіндісінің биіктігі енінен гөрі аса 
түседі. Шошқалардың қраниальды буынды өсіндісіндегі өсінділер емізікше, ал 
каудальдыда олар цилиндр тәріздес. Мұнда ветральды жоталар да бар. 
Көлденең өсінділер доға тәріздес, негіздемесінде дорсо-вентральды тесіктері 
бар. Иттерде буынды өсінділердегі өсінділер тегіс. Каудальды буын өсіндінің 
қасында қосымша өсінді -processus accessorius орналасқан. Омыртқа денесіндегі 
вентральды жотасы жоқ. Қылтықты өсінділері ұзын.
Құйымшақ омыртқалары. 
Құйымшақ омыртқасы - vertebrae sacralis - бір-бірімен бірігіп құйымшақ сүйекті 
- os sacrum түзеді(сурет 7). Сиыр мен жылқыда құйымшақ сүйегі 5 омыртқаны 
түзеді, шошқаларда – 4, иттерде – 3. Құйымшақ сүйегіндегі қылтықты 
өсінділері -processus spinosus құйымшақ жотасымен - crista sacralis бірге 
бірігеді, ал доға аралық шұңқыр - foramen interacularis тек жылқыларда ғана 
болады. Көлденең – қабырғалы өсінділер шетпен бірге тұтасып, құйымшақ 
сүйегінің қанатын - ala ossis sacri құрайды. Қанатта құлақша тәріздес буын 
беттері -facies auricularis орналасқан, ол жамбаспен мүшелену үшін қызметін 


18 
атқарады. Құйымшақ сүйегінің вентральды беті ішке қарай иілген. Ал омыртқа 
аралық шұңқыры дорсальды және вентральды тесіктер - foramen dorsalis
foramen ventralis қатарына айналды. Құйымшақ сүйегіндегі жота негізінің 
краниальды ұшында құйымшақ сүйегінің басы- caput vertebrae және сол бастың 
шеттерінен краниальды буын өсінділері -processus articularis cranialis мен 
каудальды ұшында каудальды буын өсінділері - processusarticularis caudalis 
орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет