19
Құйрық омыртқалары
Құйрық омыртқасы - vertebrae caudalis. Әртүрлі үй жануарларында бірдей емес
дәрежеде қысқартылған, сондықтан ол құйрықтың сипаттамасы мен қызметіне
байланысты болады. Қылтықты және доғалы өсінділер тек алдыңғы 5
омыртқада сақталды. Қалған омыртқадан тек денесі мен төмпешіктер қалды.
Кейбір жануарлардың (күйіс қайыратын және иттер) бірінші 3-5 омыртқасында
гемальды өсінділер - arcus haemalis кездеседі,
осы каналдан ортаңғы құйрық
артериясы өтеді. Әртүрлі жануарларда құйрық омыртқа саны: сиырларда 18-20,
жылқыларда 18-20, шошқаларда 20-23 және иттерде 20-23 болып келеді.
Ерекшеліктері: Жылқыларда құйрықтары қысқа,
омыртқалары өте қысқа,
шомбал, цилиндр тәріздес, дененің ені оның ұзындығына тең.
Ірі қара малда
құйрығы ұзын, омыртқалары сәл ұзындау. Шошқаларда алдыңғы 5-6
омыртқалары ұзын, денелері дорсо-ветральды түрде қысылған, ал
қалғандары
цилиндр тәріздес болып келеді. Иттерде құйрығы салыстырмалы түрде жақсы
дамыған омыртқалардан тұрады. Бірінші 5-6 омыртқаларда жоталық өсінді біз
тәрізденіп, каудальды бағытта майысқан. Каудальды және краниальды буын
өсінділері сақталады. Көлденен - қабырға өсінділері үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: