163
ішінде кірпікшелі және кілегейлі-сірлі секрет бөлетін эпителиоциттер кездеседі.
Эпителий қабатының астында борпылдақ дәнекер
жөне торлы ұлпалардан
тұратын өзіндік тақташа мен кілегейлі асты негіз орналасады. Эндометрийде
кілегей бөлетін түтікше жатыр бездері : (glandulae uteri) болады. Бұндай бездер
негізінен жатырдың мүйізі мен денесінде көптеп кездеседі. Жатыр мойнының
қатпарлы кілегейлі қабығында бездер болмайды.
Жатырдың етті қабығы миометрий үш қабаттан: ішкі сақинаша, ортаңғы
тамырлы және сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Ішкі сақинаша және
сыртқы ұзынша қабаттарды бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері түзеді.
Оның ішкі сақинаша қабаты сыртқы ұзынша қабатына қарағанда едәуір жақсы
жетілген. Миометрийдің ортаңғы борпылдақ
дәнекер ұлпалық тамырлы
қабатында жатыр қабырғасын қоректендіретін ірі қан тамырлары болады. Етті
қабық жатырдың мойын аумағында мойын өзегінің қысқыш бұлшық етін
құрайды.
Сірлі қабық— периметрий жатырды сыртынан қаптай келіп, оның екі
бүйірінде тоғысады да, жатырдың жалпақ байламын (ligamentum latum uteri)
немесе жатыр шажырқайын (myometrium) түзеді. Ол
краниальды бағытта
жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажырқайына ауысады. Осы байламның екі
бүйіріндегі қатпарлар арқылы жатырдың жұмыр байламы (ligamentum teres
uteri) өтеді. Жұмыр байлам еннің бағыттағыш байламы сияқты шап өзегі
тесігінің аумағына қарай бағытталады. Ол байламдар жатырды құрсақ және
жамбас қуыстарының қабырғаларына бекітеді.
Олар арқылы жатырға қан
тамырлары мен жүйкелер өтеді.
Жануарлар жатырлары негізінен құрсақ қуысының шат аумағында
орналасады.