166
латеральды (үлкен) кіреберістік бездер (glапdulа vestibularis ventralis s.majores)
болады. Кілегейлі қабықтың астында үңгір қуысты денеден тұратын жұп үңгір
қуысты кіреберістік бадана (bulbus cavernosusvestibuli) орналасады.
Сиырда және ұсақ малдарда латеральды кіреберістік бездер жақсы
жетілген. Оның өзектерінің ірі тесіктері кілегейлі
қабық қатпарларының
арасына ашылады.
Мегежіннің несеп-жыныс кіреберісінің бүйір қабырғасында үңгір қуысты
дене бөлігінің бар екендігі байқалады. Уретра тесігінен кейін, кілегейлі қабық
екі жұп қатпар түзеді. Вентральды кіреберістік бездердің өзектері ұзынша
қатпарлардың арасына ашылады. Қаншық несеп-жыныс
кіреберісі кілегейлі
қабығының астында үңгір қуысты денедей түзілген жұп бадана болады. Олар
қанға толған кезде тым үлкейіп, кіреберіс қуысын тарылтады.
Сыртқы жыныс мүшелеріне (наружные половые органы) немесе вульваға
(pudendum femininum, s.vulva) жыныс ернеулері, жыныс саңылауы және клитор
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: