А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет99/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Үй жануарларының жыныстық қатынас мүшелерінің құрылысы мен 
ерекшеліктері қандай? 
2 Үй жануарларының күпек құрылысы мен ерекшеліктері туралы айтып 
беріңіз? 


160 
15 Аналықтың көбею мүшелері 
Аналық көбею мүшелеріне: жұмыртқалық, жатыр түтігі, жатыр, қынап, 
несеп-жыныс кіреберісі, жыныс ернеулері мен клитор жатады. 
 
 15.1 Жұмыртқалық, жатыр түтігі мен жатыр 
Сабақтың мақсаты: Жұмыртқалық, жатыр түтігі мен жатырдың құрылысын 
игеру 
Жұмыртқалық(яичник) ovarium — аналық жыныс торшалары 
овоциттер жетіліп, аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша 
келген жұп паренхималы мүше. Үй жануарларында жұмыртқалық бел 
аумағының жамбас қуысына кіреберісінде, шажырқайға (mesovarium) ілініп 
тұрады. Шыжырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан және лимфа 
тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың алдыңғы түтіктік, артқы 
жатырлық ұштары, жоғарғы шажырқайлық, төменгі бос жиектері, латеральды 
және медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр 
түтігінің құйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына өзіндік жұмыртқалық 
байламы (ligamentum ovarii proprium) арқылы жатыр мүйізі байланысады. 
Сыртынан ол бастама эпителиймен (бірқабатты текше тәрізді) және оның 
астындағы ақ қабықпен (тығыз дәнекер ұлпасы) қапталған. Жұмыртқалық 
фолликулалы және тамырлы екі аймақтан құралған. Фолликулалы аймақта 
жұмыртқа торшалары овоциттердің дамып жетілу процесі — овогенез жүреді. 
Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс 
торшалар — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар (folliculi ovarii 
primarii) түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, 
біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек өсу сатысындағы жыныс торшалары 
өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс торшалары пісіп жетілуге 
жақындағанда, 
фолликулдардың 
мөлшері 
тым 
үлкейіп, 
көпіршікті 
фолликулдарға (folliculi ovarii vesiculosi) айналады. Олар жарылғаннан соң
ішіндегі жетілген жұмыртқа торшасы көпіршіктегі фолликул сұйығымен бірге 
жұмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі құйғышына өтеді. Фолликулдардың 
жарылу процесін овуляция (ovulatio) деп атайды. Жарылған көпіршікті 
фолликул орнында сары дене (corpus luteum) түзіледі. Сары дене торшалары 
прогестерон гормонын бөледі. 
Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа 
тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жұмыртқалықтың стромасын борпылдақ 
дәнекер ұлпасы құрайды. 


161 
Ерекшеліктері. Бие жұмыртқалығының пішіні жас малдарда сопақша, ал 
кейін жасы ұлғая келе лобия тәрізденіп өзгереді. Оның тамырлы аймағы 
шетінде, ал фолликулалы аймақ ортасында орналасады. Сыртынан 
жұмыртқалық сірлі және ақ қабықпен қапталған. Тек, оның вентральды 
бетіндегі жұмыртқа шұңқыры (fossa ovarii) ғана бастама эпителиймен 
қапталған. Овуляция тек осы шұңқырда ғана жүреді. Жұмыртқалықтың 
ұзындығы 5-8 см, салмағы 80 г. Оң жұмыртқалық 3-4-інші, ал сол 
жұмыртқалық 4-5-інші бел омыртқалардың тұсында шажырқайға ілініп тұрады. 
Басқа жануарларда жұмыртқалық сыртынан бастама эпителиймен қапталған. 
Олардың фолликулалы аймағы жұмыртқалықтың сыртқы шетінде, ал тамырлы 
аймағы ортаңғы бөлігінде орналасады. Сиыр жұмыртқалығының пішіні 
сопақша келген, салмағы 14- 19г. Оң жұмыртқалықтың мөлшері сол 
жұмыртқалыққа қарағанда үлкенірек болады. Олар мықын сүйектің құйымшақ 
төмпегі 
тұсында 
қысқа 
шажырқайға 
ілінген. 
Қой 
мен 
ешкі 
жұмыртқалықтарының 
пішіні 
дөңгелек 
болып 
келеді. 
Мегежін 
жұмыртқалығында бір мезгілде ондаған жұмыртқа торшалары пісіп жетіледі. 
Осыған байланысты оның сыртқы беті бұдырлы келеді. Олар 5-6-ншы бел 
омыртқалар аумағында орналасқан. Қаншық жұмыртқалығы көлемі жағынан 
кішкентай болып келеді. Ол толығымен жұмыртқа қапшығының ішінде жатады. 
Жұмыртқалық 3-4-інші бел омыртқалар аумағында орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет