158
үңгірқуыстар қанға толып, көлемі мен ұзындығы үлкейіп қатаяды. Бұл процесті
эрекция — деп атайды.
Жыныстық қатынас мүшесі айғырда - қаса, күйісті жануарлардамен
қабанда -қамшы, төбетте - шүкі (түкі) — деп аталады. Ол жыныстық мүше
түбірінен (radix penis), денесінен (corpus penis) және басынан (арехpenis)
тұрады.
Жыныстық қатынас мүшесінің түбірі мен денесін сыртынан қаптап
жатқан тері, оның басына дейін созылып, жыныстық мүшенің терілік бүрік
басы күпекті (praeputium) құрайды.
Ерекшеліктері. Айғырдың жыныстық мүшесінің (қасаның) үңгір- қуысты
денесі жақсы жетілген. Сондықтан, қаса өте қомақты келеді. Қасаның дөңгелек
келген жуан басының пішіні тәж тәрізді. Оның вентральды бетіне жақын
жыныстық мүше басының шұңқыры орналасады. Айғыр күпегінің
құрылысы
басқа жануарларға қарағанда күрделі. Себебі, ол сыртқы және ішкі күпектерден
тұрады, яғни ол қос күпекті мүше. Бұқаның жыныстық мүшесінің (қамшы)
пішіні цилиндр тәрізді, ұзын және жіңішке болып келеді. Ұманың артқы
жағында, қамшының денесі
S әрпі тәрізді иілім (flexura sigmoideapenis) түзеді.
Оның жіңішкерген мойны және жалпақ келген қалпағы болады. Қалпақтың сол
бүйірінде несеп-жыныс өзегінің өсіндісі орналасады. Жыныстықмүшенің күпегі
жіңішке, ұзын (35-40 см), оның тесігі кіндіктен 4-5 см кейін ашылады. Күпекті
алға және артқа тартатын краниальды күпек бұлшық еті және каудальды күпек
бұлшық еті боладыҚошқар қамшысы бұқа қамшысына ұқсас, бірақ несеп-
жыныс өсіндісі ұзындау келеді және
Sәрпі тәрізді иіліп тұрады. Текеде
қамшының несеп-жыныс өсіндісі қысқалау және түзу болып келеді.
Қабан жыныстық мүшесінің құрылысы күйіс қайтаратын малдарға ұқсас,
бірақ,
S әрпі тәрізді иілімі ұманың алдыңғы жағында орналасады.
Оның басы
үшкірленіп келіп, шиыршықтала бұралып тұрады. Күпектің алдыңғы
қабырғасында, оның кеңейген қалташасы болады.
Төбеттің жыныстық мүшесі (түкі) басының негізін сүйек (os penis)
құрайды. Оның вентральды бетінде уретра сайы орналасады. Жыныстық
мүшенің басы ұзара келіп, оның артқы бөлігінде жыныстыққатынас кезінде
ерекше үлкейетін баданасы болады. Осының арқасында эрекция ұзаққа
созылады.
Күпек — praeputium — екі жапырақтан, яғни париетальды
және висцеральды
беттен тұратын тері қаптары ретінде ұсынылады. Бұқаларда күпектің ұзындығы
ұзын келген (35—40 см) және тар (3 см-ге дейін). Кіндіктен 4-5 см-ге
каудальды жаққа қарай күпектің тесігі орналасқан. Сырты ұзын түкпен
қапталған. Күпектің ішкі беті (париетальды) көптеген қабатты тегіс
эпителиймен қапталған және түтікшелі бездерден құралған; ал висцеральды
159
беті қызғылт түске боялған және бездері болмайды. Күпектің каудальды
бөлігінде лимфа түйіршіктері орналасқан. Бұқаның күпегі екі жұпты –
краниальды және висцеральды – күпектік бұлшық еттен тұрады,
олар оның
бастапқы бөлігін алға немесе артқы қарай тартады. Краниальды күпектік
бұлшық еттер — mm. praeputiales craniales—семсер тәріздес шеміршектің
маңындағы құрсақ бұлшық етінің тері астынан басталады да, күпектің тесігі
қасында бекітіледі. Олар күпекті алға қарай тартады. Каудальды күпектік
бұлшық еттер — mm. praeputiales caudales — шаптан басталып, күпектің
қапшықтың алдыңғы жағына дейін созылады. Ал олар күпекті артқа қарай
созады.
Ерекшеліктері: Қабандардың күпегінің шеттері қатты түкпен қапталған
жіңішке күпектік тесігі арқылы ашылады. Препуцияның қуысы ұзын, сақиналы
қатпармен жіңішке каудальды және кең
краниальды бөліктерге бөлінген,
күпектіңішкі беттері – каудальды бөлігімен париетальды және висцеральды
болып бөлінеді және оның түбі лимфа түйіршіктермен қапталған. Ал күпектің
қаптың краниальды бөлігіндегі дорсальды қабырғадағы тесік соқыр қапқа
апарады (ені 12 см-ге дейін жетеді) – күпектің диверткулы — diverticulum
praeputialе; краниальды күпек бұлшық еттері әлсіз дамыған.
Айғырларда сыртқы және ішкі препуция деп ажыратады; әр қайсысы екіден
құралған – үстіңгі және ішкі беттен және сыртқы мен ішкі күпек тесігінен
тұрады.
Сыртқы күпектің терең бетінде және ішкі күпектің үстіңігі бетінде май және
тер бездері болады. Жыныстық қатынас мүшесінің бетін қаптап жатқан ішкі
күпектің терең беті, тек оның алдын жауып жатады.
Эрекция уақытында
барлық ішкі күпек сыртқа шығады да, жыныстық қатынас мүшенің шығып
жатқан бөлігін жабады. Төбеттің күпегі тегіс теріден жасалған қуыс
қалыптастырады, яғни жыныстық қатынас мүшенің краниальды бөлігінен ғана.
Күпектің сыртқы беті боп, кәдімгі тері қабаты саналады, ішкі беттері нәзік,
қызғылт түсті, безсіз және көптеген лимфа түйіршіктерінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: