А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет127/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

55 - суретІҚМ-дың артқы аяқ тамырлары мен жүйкесі 


196 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Жамбас қуысы мен артқы аяқ мүшелеріне қан қалай жетеді? 
2 Жамбас пен артқы аяқ артерияларын сипаттап беріңіз 
 
18 Үлкен қан айналым шеңберінің веналары 
18.1 Бас, мойын аумағының және алдыңғы аяқ веналары 
Сабақтың мақсаты: Бас, мойын аумағының және алдыңғы аяқ веналарын 
игеру 
 
Жануарлар 
дене 
мүшелерінен 
қан 
жүрекке 
вена 
қан 
тамырлары(көктамырлар) арқылы жеткізіледі. Көптеген вена тамырлары қатар 
жатқан аттас артериялар және жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке 
будаларынқұрайды. 
Сондықтан, 
тамыр-жүйке 
будаларындағы 
вена 
тамырларының атаулары да, қатар орналасқан артерияларға сәйкес келеді. 
Дегенмен, вена қан тамырларының тек өздеріне тән құрылымдық 
заңдылықтары мен тармақталу ерекшеліктерінің бар екендігін атап өткен жөн.
Оң жәнесол тақ веналар(v.azygos dextra et sinistra) кардинальды 
веналардың көкірек бөліктерінен дамып жетіледі(cурет 56). Олар қанды 
көкірек керегесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде 
жылқымен иттетек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкімен шошқадатек сол тақ вена 
ғана, кеміргіш жануарлардаекеуі де дамып жетіледі. 
Бұғанаасты веналар(vv.subclavia) ұрықтық дамудың бастапқы кезінде вена 
қанын кардинальды веналарға әкеледі. Қуыс веналар жетілгеннен кейін, бұғана 
асты веналар әуелі жалпы кардинальды веналарға, одан соң орнын өзгертіп, 
күретамырға барып ашылады. Осындай құрылымдық өзгерістердің 
нәтижесінде күретамырлардың жүрекке жақын жатқан соңғы бөліктері 
алдыңғы қуыс веналар — деп аталынады. 
Үлкен қан айналым шеңберінің веналары 
Алдыңғы және артқы қуыс веналарының тамырлар жүйелері бірігіп, 
жануарлар организмдерінің үлкен қан айналым шеңберінің вена тамырларын 
құрайды. Үлкен қан айналым шеңберінің терең магистральды вена тамырлары 
аттас артериялар және жүйкелермен бірге тамыр-жүйке будаларын құрайды. 
Ал тері асты веналары негізінен жануарлар денесінің мойын аумағында, кеуде 
және көкірек аумақтарының төменгі бөліктерінде, алдыңғы жөне артқы 
аяқтарда жақсы жетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет