Жұтқыншақ артылимфаорталығы (заглоточный лимфоцентр) — ln.
metropharyngeus— бірнеше лимфа түйіндері топтарынан құралған:
медиальды жұтқыншақарты лимфа түйіндері (ln. metropharyngeusrnedialis)
жұтқыншақтың дорсальды қабырғасында орналасады. Лимфа түйіндерінің
түбірі: бас, жұтқыншақ, өңеш және көмекей аумақтары. Бұлар лимфаны
кеңірдек лимфа өзегіне өткізеді.
латеральды жұтқыншақ арты лимфа түйіндері(ln. retropharyngeuslateralis)
шықшыт сілекей безінің астында, атлант қанатының шұңқырына жақын
орналасады. Лимфаны бас аумағынан жинап, әр түрлі лимфа түйіндеріне
өткізеді.
Мойындабеткей, терең мойын және қабырға-мойын лимфа түйіршіктері
кездеседі. Беткей мойын лимфа орталығы (поверхностный шейный лимфоцентр) —
ln. cervicalis-superficialis— иық буынының алдыңғы жағында орналасады.
Сыртынан иық-бас бұлшық етімен жабылған. Лимфа орталығы лимфаны
мойынның артқы бөлігінен, көкірек керегесінің алдыңғы жағынан және
алдыңғы аяқтан жартылай жинайды. Лимфаны мойынның оң жағында кеңірдек
өзегіне, ал сол жағында көкірек өзегіне құяды.Ерекшеліктері.Жылқыдабүл
орталықтағы майда лимфа түйіндерінің (0,2-4,0 см) саны 60 -тан 130-ға дейін
жетеді. Лимфаны мойыннан, алдыңғы аяқтан, иық белдеуінің бұлшық еттерінен
жинайды да, оны мойынның каудальды лимфа түйіндері мен оң лимфа
бағанына өткізеді. Терең мойын лимфа орталығы (глубокий шейный лимфоцентр) — lnn.
Cervicalesprofundae— үш лимфа түйіндері топтарынан тұрады. Олар:
1) краниальды лимфа түйіндерінің тобыкөмекей мен жұтқыншақтың артқы
жағында, кеңірдекте орналасады; 2) ортаңғы лимфа түйіндерінің тобы
кеңірдекте орналасады; 3) каудальды лимфа түйіндерінің тобыбірінші
қабырғаның алдыңғы жағында жатады.
Терең мойын лимфа орталығы лимфаны жұтқыншақтан, көмекейден,
кеңірдектен, өңештен, мойынның вентральды бұлшықеттерінен, жартылай
көкірек қабырғасының алдыңғы бөлігі мен иық белдеуі бұлшық еттерінен
жинап, оны лимфа көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына немесе кеңірдек
бағанына өткізеді.