А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет123/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Краниальды шажырқай артериясы (краниальная брыжеечная артерия) 
— a. mesenterica cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2-інші бел омыртқалардың 
тұсынан, іш артериясынан кейін бөлінетін тақ артерия. Краниальды шажырқай 
артериясынан ащы ішектің аш ішек бөлігіне бірнеше аш ішек артерияларын(аа. 
jejunales) бөледі. Бұл артериялар өзара және олардың алдыңғы ұштары ұйқы 
безі – он екі елі ішек артериясымен, соңғы ұштары каудальды шажырқай 
артериясымен жалғасып, ішектер арасындағы коллатеральды тармақтар 
(truncus collateralis)түзеді. Краниальды шажырқай артериясы жуан ішекке 
мықын-тоқ ішек артериясын (a. ileo-caeco-colica) бөледі.
Каудальды шажырқай артериясы (каудальная брыжеечная артерия) — 
a. mesenterica caudalis— құрсақ қолқасынау соңғы бел омыртқалардың тұсынан 
ажырайды. Каудальды шажырқай артериясынан екі артерия тармағы бөлінеді. 
Олар:1) сол тоқ ішек артериясы(а. соliса sinistra) тоқ ішектің төмендеген бөлігін 
(жылқыда кіші тоқ ішекті) тамырландырады. 2) краниальды тік ішек 
артериясы(a. haemorrhoidalis cranialis) тік ішекті қоректендіреді. Бұл артерия 
каудальды тік ішек артериясымен жалғасады. 
 


190 
Бақылау сұрақтары: 
1 Көкірек қолқасынан қандай артериялар шығады, сипаттап беріңіз оны. 
2 Құрсақ қолқасынан қандай артериялар шығады, сипаттап беріңіз оны. 
17.5 Жамбас қуысы қабырғасы мен артқы аяқ артериялары
Сабақтың мақсаты: Жамбас қуысы қабырғасы мен артқы аяқ артерияларын 
игеру 
Жамбас қуысы қабырғасының сүйектік негізін оң және сол жамбас 
сүйектері мен құйымшақ сүйек және олардың бұлшық еттері мен тері жабыны 
құрайды(cурет 55). Жамбас қуысында азық қорыту, жыныс және зәр бөлу 
мүшелер жүйелерінің мүшелері орналасады. Артериялар құрсақ қолқасының 
соңғы бөлімдерінен бөлінеді. Құрсақ қолқасынан алдымен жануарлардың артқы 
аяқтарын қанмен қамтамасыз ететін оңжәне сол сыртқы мықын артериялары(а. 
iliaca externa dextra et sinistra) 5 (6) бел омыртқалардың тұсынан ажырайды. Ал 
жамбас қуысы қабырғасы мен оның қуысындағы ішкі мүшелерді 
қоректендіретін оң жәнесол ішкі мықын артериялары(а. iliaca interna dextra et 
sinistra) құрсақ қолқасынан 6 (7) бел омыртқаның тұсында бөлінеді. Ішкі мықын 
артериялары 
ажыраған 
соң, 
құрсақ 
қолқасы 
орталық 
қүйымшақ 
артериясы(a.sacralis 
medina) 
— деп 
аталады. Құйымшақ 
аумағын 
қоректендіретін дорсальды және вентральды артерия тармақтары бөлінгеннен 
кейін, орталық құйымшақ артериясы орталық құйрық артериясына(a.caudalis 
medina) айналады да, дененің құйрық аумағын қанмен қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет