42
Бақылау сұрақтары:
1 Қаңдай екі сүйектен жамбас белдеуі тұрады.
Орыс және латын атауын
атаңыз?
2 Қандай жұп сүйегінен, немесе оң не сол сүйегінен жамбас белдеуі тұрады?
3 Жамбастың буын ойығы қандай сүйектердің арқасында түзіледі?
4 Жамбастың каудальды не краниальды жағын қандай әдіспен анықтауға
болады?
4 Артқы аяқ қаңқасы
4.1 Ортан жілік, сирақ сүйектері, бақай сүйектері
Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасында ортан жілік, сирақ және артқы аяқ
басының қаңқасын оқып-зерттеу.
Ортан жілік- os femoris– сиырларда ең үлкен іші қуыс түтікті сүйек
болып
келеді(сурет 18). Проксимальды ұшында ортан жіліктің басы -caput femoris, ал
оның үстінде жақсы байлам үшін кішкентай шұңқыр -fovea capitis орналасқан.
Бастан латеральды бағытта үлкен ұршық -trochanter major,
орташа ұршық -
trochanter media, үшінші ұршық -trochanter tertius (көбінесе жылқыларда
кездеседі). Кішкентай ұршықтың -trochanter tertius
ішінде ұршықты шұңқыр
орналасқан. Ортан жілік денесінің дистальды бағытында тегіс плантарлы
шұңқыр - fossa plantaris көрінеді. Дистальды эпифизде: блок –trochlea, оның
ішінде сай – sulcus мен жота –crista ажыратады. Осы арқылы тобық сырғанйды.
Екінші жағында, латеральды айдаршық -condylus lateralis, медиальды айдаршық
- condylus medialis, латеральды айдаршық үсті -epicondylus lateralis, медиальды
айдаршық үсті- epicongylus medialis.Айдаршық
аралық шұңқыр - fossa
intercondyloidea. Төменгі жағында блок пен айдаршық арасында екі шұңқыр
орналасқан: тобықасты бұлшығы - fossa musculus
poplitei және жазғыш
шұңқыры - fossa extensoria. Байлау шұңқыры - fosse ligarnentum.
Ерекшеліктері: Жылқылардың ортан жіліктің басында кішкентай шұңқырдың
орнынан үлкен үшбұрышты ойық орналасқан. Үлкен
ұршықта ойық орташа
ұршықты ерекшелейді. Шошқаларда ортан жілігі қысқа, мойыны шомбал, басы
жақсы көрінген. Ірі қара малда ортан жілігі салыстырмалы алғанда қысқа.
Үлкен ұршығы мен мойыны жақсы көрінген. Плантарлы шұңқыры – ұсақ
келген. Иттерде ортан жілік ұзын, жұқа және майысқан.
Ұзын ұршық бастан
асып түспейді. Денеде плантарлы төмпешік бар.