45
20- сурет. Тілерсек сүйегі. (оң жақ аяғы) А – ірі қара мал, Б – жылқылар. 1
асықты жілік, 2 – асық, 3 – орталық сүйек, 4 – үшінші тілерсек сүйегі, 5 – ірі
қара малда табан сүйектің үшінші және төртінші сүйегі, ал жылқыларда
үшінші, 6 – төртінші тілерсек сүйегі, 7 – буынды канал,
8 – жіңішке сирақ сүйегі, 9 - өкше сүйегі.
Артқы аяқ басының қаңқасы. Бақай сүйектері -ossa pedis.Артқы жіліншік,
тілерсек және бақай саусағынан тұрады. Тілерсек сүйегі - ossa tarsi – сиырларда
6 сүйектен тұрады және 3 қатарда орналасқан.
Проксимальды қатарда асық
және өкше сүйектері. Асық сүйек -os tarsi tibiale. Медиальды орналасқан және
үш блоктан тұрады: проксимальды, дистальды және плантарлы. Проксимальды
блок – асықты жілік үшін арналған, дистальды орталық сүйегі үшін, ал
плантарлы – өкше сүйегі үшін. Өкше сүйегі -os tarsi fibulare.
Латеральды
орналасқан, асық, орталық және жіліншік сүйегімен қосылады. Өкше сүйегінде
шомбал денесі бар, ахилді сіңірі үшін өкше өсіндісі -processus calcaneus
орналасқан. Өкше сүйегінің медиальды бетінде асық сүйекті
ұстайтын -
sustentaculum tali сүйек шығып тұр. Оталық бетінде орталық сүйек –os. tarsi
centrale. Орталық сүйек
тек орташа қатарды ғана емес, сонымен қатар
дистальды қатарда орналасады. Дистальды қатарда үш тілерсек сүйектері
жатыр: бірінші
тілерсек - os tarsi primum, екінші тілерсек - os tarsi secundum,
46
үшінші тілерсек - os tarsi tertium. Табан сүйектеріүш бөліктен тұрады (тұсамыс
сүйек,топай сүйек және тұяқ сүйек).
Ерекшеліктері: Жылқыларда асық сүйегі бұранда блок түрінде, өкше өсіндісі
ұзын, төмпешігі жалпақ. Шошқаларда және
сиырларда асық және өкше
сүйектерінің құрылыстары ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: