А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет34/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Құйымшақ-мықын буыны -articulatio iliosacralis – құйымшақ пен мықын 
сүйектеріндегі құлақша беттердің жанасуы нәтижесінде түзілген қимылсыз 
буын. Осы буын арқылы жамбас белдеуі омыртқа бағанына бекиді. Буында 
буын қапшығы болмайды. Байланыс дорсальды, вентральды және сүйекаралық 
байламдардың ligamentum sacroiliacum ventrale, dorsale dorsal, longum 
көмегімен жүзеге асады. Құйымшақ-мықын буыны-ligamentum sacrospinosum et 
tuberosum құйымшақ сүйегінен бүйірінен бастап мықын ойысы мен мықын 
сүйегіне дейін өтеді. 
Жамбас-ортан жілік буыны -articulatio coxofemoralis, қарапайым, көпбілікті 
буын. Ол жамбастың ұршық ойығы мен ортан жіліктің ұршық басының 
байланысуынан пайда болған. Буында буын қапшығы, ұршық ойысының 
көлденең байламы мен ортан жіліктің ұршық басын жамбастың ұршық 
ойысымен байланыстыратын буынішілік байламдар болады.


54 
25- сурет.. Жамбас сүйегінің байланысы. 
А – ірі қара мал, Б – жылқы, В – іш жаңынан көрініс. 1 – мықын сүйегі, 2 – 
құйымшақ сүйегінің білікті өсіндісі, 3 – шонданай сүйегінің төмпешігі, 4 – 
құйымшақ-мықын дорсальды қысқа байламы, 5 - құйымшақ-мықын дорсальды 
ұзын байламы, 6 - құйымшақ-шонданай байламы, 7 – үлкен шонданай сүйегінің 
тесігі, 8 - кішкентай шонданай сүйегінің тесігі, 9 - жамбас-ортан жілік 
буынының дөңгелек байламы, 10 – қосымша байлам, 11 – ойыстың көлденең 
байламы. 
Тобық буыны- articulatio genus – күрделі, бірбілікті буын. Бұл буын өз 
кезегінде ортан жілік-сирақ, ортан жілік-тобық және проксимальды сирақ 
сүйектері аралық буындарынан құралады(сурет 26). Ортан жілік-сирақ буыны
articulatio femorotibiaiis – ортан жілік пен асықты жілік айдаршықтарының 
буындасуы нәтижесінде түзіледі. Бұл сүйектердің айдаршықтарының буын 
беттері бір-біріне сәйкес келмегендіктен, олардың араларында латеральды және 
медиальды менискалар бар Буын қапышқ, бүйірлік және крест тәріздес 
байламдардан тұрады. Латеральды бүйірлік байлам - ligamentum collateralе
laterale, медиальды бүйірлік байлам - ligamentum collаterale mediale және крест 
тәріздес байлам - ligamentum cruciatum.Ортан жілік-тобық буыны - articulatio 
femoropatellaris - тобық пен ортан жіліктің дистальды эпифизіндегі тобық 
шығырының буын бетінің жанасуынан түзілген. Тобық сүйегінен асық сүйегіне 
дейінлатеральды бүйірлік байлам - ligamentum femorоpatellare laterale, 
медиальды бүйірлік байлам ligamentum femoropatellare mediale және түзу 
байлам - ligamеnta recta өтеді.


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет