А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет29/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Әртүрлі үй жануарларының ортан жілік құрылысының ерекшеліктерін атап 
өтіңіз?
2 Асықты жіліктегі дистальды эпифиз блогынан басқа, қандай сүйектер 
орналасады? 
3 Сиырларда асықты жілік қандай пішінде болады?
4 Тілерсек сүйегінде қанша қатар бар екенін және қандай сүйектер 
орналасқанын орыс және латын тілінде атаңыз?
5 Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы 
 
Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың біліктік қаңқасында бас қаңқасы мен 
омыртқалар байланысын оқып-зерттеу. 
Омыртқалар денесі бір-бірімен талшықты шеміршекпен және көлденең 
дорсальды және вентральды байламмен байланысады(сурет 21). Омыртқа 
аралық талшықты шеміршектер - fibrocartilagenes intervertebralis көршілес 
жатқан омыртқалардың бас пен шұңқырларында орналасады, үстінен 
талшықты сақина - anulus fibrosus, ал ортасында пульпозды ядро - nucleus 
pulposus құрайды.
1. Дорсальды көлденең байламы - ligamentum longitudinale dorsale – арқа 
жұлының астында, омыртқа каналында орналасқан, омыртқаның денесіне 
қосылады да, екінші мойын омыртқасынан бастап құйымшақ сүйегінің 
денесінде аяқталады. 
2. Вентральды көлденең байланыс-ligamentum longitudinal бел омыртқасының 
астында орналасқан, соңғы төрт көкірек омыртқаларының вентральды 
жотасынан бастап құйымшақ сүйегінің денесінде аяқталады. 
3. Омыртқа доғасы доға аралық байланысы - ligamenta interarcualia арқылы 
қосылады.
4. Омыртқаның көлденең өсінділері омыртқа аралық байланыс - ligamenta 
intertransversarii арқылы қосылады.
5. Омыртқаның буынды өсінділері буын қапшығысаpsula articularis арқылы 
қосылады.


47 
6. Қылтықты өсінділер бір-бірімен қылтық аралық байланыспен- ligamenta 
interspinosus қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет