А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет35/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
 
26- сурет.. Ірі қара малдың тобық сүйегінің буыны. Медиальды беті.
1 – corpus ossis femoris – ортан жілік сүйегінің денсі; 2-crista medialis trochleae – 
тобық сүйегі үшін блоктың медиальды жотасы; 3-epicondylus medialis ossis 
femoris – ортан жіліктің медиальды айдаршықүсті;4-сondylus medialis ossis 
femoris- ортан жіліктің медиальды айдаршығы;5-condylus lateralis ossis femoris- 
ортан жіліктің латеральды айдаршығы;6- condylus mtdialis tibiae – асық жілік 
сүйегінің медиальды айдаршығы;7-corpus tibiae- асық жілік сүйегінің денесі;8 – 
patella – тобық сүйегі; 9-meniscus medialis – медиальды айдаршық; 10-lig. 
femoropatellare mediale –тобық сүйегінің көлденең медиальды байламы;11-
lig.рatellae intermedium –тобықтың ортанғы байламы; 12-lig.patellae mediale – 
тобықтың медиальды байламы;13-lig.collaterale mediale – бүйірлі медиальды 
байлам;14-lig.cruciatum caudale – каудальды крест тәріздес байлам. 
Тілерсек буыны-articulatio tarsi. Сирақ сүйегі, тілерсек және артқы аяқ 
жіліншігінің проксимальды басының жанасуы нәтижесінде түзіледі. Буын 
күрделі, бірбілікті(сурет 28). Құрамында қапшық, бүйірлікқатар аралық және 
сүйекаралық байламдары бар. Буын қапшығы -capsula articulatio латеральды 
бүйірлік ұзын және қысқа байламдары ligamenta collateralia medialis longa et 
breve, олар медиальды жіліншік сирағынан асық және артқы аяқ жіліншігіне 


56 
дейін өтеді. Тілерсек плантарлы байламы - ligamenta tarsi plantaris өкше 
сүйегінен басталады да, артқы жіліншік сүйектерінің плантарлы бетінде 
аяқталады. Тілерсек дорсальды байламы - ligamtnta tarsi dorsale асық сүйегінен 
басталып, блоктан дистальды тұрып орталық және III тілерсек сүйегі мен III 
артқы жіліншіктің алдыңда аяқталды.
Тілерсек сүйек арасындағы байлам - ligg. tarsi interosseae әр қатарда 
орналасқан сүйектерді бір-бірімен қосады. 
Тілерсек қатар арасындағы байлам – дистальды қатарда орналасқан 
сүйектерді артқы жіліншік сүйектерімен қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет