А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


 Тыныс алу бұлшықеттері мен дем шығару бұлшықеттері



Pdf көрінісі
бет43/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
7.3 Тыныс алу бұлшықеттері мен дем шығару бұлшықеттері 
Сабақтың мақсаты: 
1. Тыныс алу бұлшықеттерін немесе инспираторларды оқып-зерттеу және орыс 
және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін 
көрсетіңіз. 
2.Дем шығару бұлшықеттерін немесе экспираторларды оқып-зерттеу және
орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін 
көрсетіңіз. 
 
 
 


67 
Көкірек бұлшық еті. 
Көкірек бұлшық еттері көкірек керегесін құрайтын сүйектермен бірге көкірек 
қуысын түзуге қатысады. Атқаратын қызметіне қарай олар тыныс алу немесе 
инспираторлар және дем шығару немесе экспираторлар болып екіге бөлінеді.
Тыныс алу бұлшықеті – инспираторлар 
1. Дорсальды тісті инспираторлар- m. serratus dorsalis inspiratorius – көкірек 
керегесінің жоғары краниальды бүйір бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Оны 
ромб тәрізді, вентральды тісті және арқаның тым жалпақ бұлшықеттері жауып 
тұрады. Ол өзінің етті тістерімен қабырғалардың омыртқалық ұштарынан 
басталады. Ет талшықтары кранио-дорсальды бағытпен келіп, көкірек 
омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді.
2. Баспалдақты бұлшықеттер-m. scalenius ірі қара малда екеу. Қабырғалар мен 
мойын омыртқалардың аралығында орналасып, дорсальды, ортаңғы және 
вентральды баспалдақты бұлшықеттерге бөлінеді. 
3.Көкіректің тік бұлшықеті-m. rectum thoracis – таспа пішіндес кішкентай ет. 
Ол алғашқы төрт қабырғаның бетінде, вентральды тісті бұлшықеттен төмен 
орналасқан.
4. Қабырға көтеруші бұлшықеттер-m. levatorеs costarum - қабырғалардың 
омыртқалық ұштары мен көкірек омыртқаларының көлденең өсінділерінің 
аралығында жатады.
5. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер -rn intercostales externi –қабырға 
аралықтарында жатқан қысқа еттер. Ол қабырғалардың краниальды жиегінен 
басталып (2-ден соңғы қабырғаларға дейін) алдында жатқан қабырғалардың 
каудальды жиегіне бекиді. 
6. Диафрагма немесе көкет-diaphragma.s.m.phrenicus – көкірек қуысын құрсақ 
қуысынан бөліп тұрған жалпақ жұқа ет. Ол шеткі етті және ортаңғы сіңірлі 
бөліктерден тұрады. Диафрагманың етті бөлігі бекитін орындарына 
байланысты бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Диафрагманың ет 
талшықтары тарамдалып орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет