А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет39/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

3.Самай бұлшық еті-m. temporalis начинается самай шұңқыры мен қырынан 
бастау алып, төменгі жақ сүйегінің етті өсіндісіне барып бекиді.
4.Қосқұрсақты бұлшық еті-m. digastricus мойындырықты өсінді мен төменгі 
жақ сүйегі денесінің вентральды жиегінде жатады. Ерекшеліктері: Қосқұрсақты 
бұлшық ет ит пен шошқада бір ғана құрсақтан тұрады.
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Орыс және латын тілінде бастың бұлшық еттерін атаңыз. 
2 Бас қаңқасында бас бұлшық еттерінің орналасуын көрсетіңіз. 
3 Үлкен шайнау бұлшық еті. 
4 Самай бұлшық еті. 
7 Біліктік қаңқа бұлшық еті 
7.1 Омыртқа бағанының бұлшық еті. 
Сабақтың мақсаты: Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін оқып-
зерттеу және орыс пен латын тілінде ірі қара мал қаңқасының бұлшық еттерін 
көрсету және алған білімді бекіту. 
Омыртқа бағанының бұлшық еті. 
Дорсальды бұлшық ет(сурет 30). 
1.Бұласыр тәрізді бұлшық ет- m. splenius мойында жатқан жалпақ ет. Оны 
латеральды бетінен трапеция, ромб тәрізді және иық-бас бұлшықеттер жауып 
жатады. Бұласыр тәрізді бұлшық ет алғашқы төрт көкірек омыртқаларының 
жоталық өсінділерінен басталып, бас және мойын бөліктеріне бөлінеді. 
2.Омыртқа бағанының тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus бассүйек пен 
құйымшақ аралығында жатқан ұзын ет. Олар арқа, мойын, бас және атлант 
бөліктерінен тұрады. 
а) арқаның тым ұзын бұлшық еті- m. longissimus dorsi – омыртқалардың 
жоталық және көлденең қабырға өсінділері аралығындағы кеңістікте жатады. 
Ол өзінің күшті сіңірлі ұштарымен мықын сүйегінің қырынан, құйымшақ, бел 
және соңғы 4-5-ші көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып
соңғы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне барып бекиді.
б) мойынның тым ұзын бұлшық еті- m. longissimus cervicis – көкірек бөлігінде 
арқаның тым ұзын, ал мойын бөлігінде сыртынан вентральды тісті бұлшық 
еттерімен жабылып жатады. Ол 5,8-ші көкірек омыртқаларының емізікше 
өсінділерінен басталады да, өзінің тісті ұштары арқылы соңғы 4,5-ші мойын 
омыртқаларының көлденең қабырға өсінділеріне бекиді.


62 
в) бастың тым ұзын бұлшық еті-m. longissimus capittis бірінші көкірек пен 
соңғы мойын омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталып, самай 
сүйегінің емізікше өсіндісінде аяқталады. 
г) атланттың тым ұзын бұлшық еті- m. longissimus atlantis бастың ұзын 
бұлшық етімен бірге басталады да, ауыз омыртқаның қанатына келіп бекиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет