А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет54/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Сабақтың мақсаты: Майтабан, тұяқ, тұяқша, тырнақ пен мүйіздің 
құрылысын игеру. 
Майтабан - pulvini - тұяқтың артқы жағында орналасқан тығыз,серпімді 
тері туындысы. Ол тері сияқты үш қабаттан: эпидермистен, дермадан және 
шелқабатынан тұрады. Теріден айырмашылығы: I) эпидермистен қалың мүйіз 
қабат түзіліп, майтабанды сыртынан қаптайды; 2) шел қабатының борпылдақ 
дәнекер ұлпасында май ұлпасы көп мөлшерде жиналып, борпылдақ дәнекер 
ұлпасы талшықтарымен бірге қосылып, былқылдақ та, серпімді майтабан 
жастығын құрайды. Жылқыда теріасты жастығында майтабан шеміршектері 
болады. Олар тұсамыс, топай және тиекше сүйектермен байламдар арқылы 
берік байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі бүйірінен қоршап, 
екеуі біртұтас кереметтей серпімділік (амортизация) мүшесі қызметін атқарады; 
3) майтабан сезімтал жүйке ұштарына бай болғандыктан, ол аяқтың сезім 
мүшесінің қызметін атқарады. 
Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқта тізе майтабаны, 
алдыңғы жіліншік майтабаны және тұяқ майтабаны, артқы аяқта тілерсек 


87 
майтабаны, артқы жіліншік майтабаны және тұяқ (саусақ) майтабаны болып 
бөлінеді. Итте аталған майтабандардың барлығы жақсы жетілген. Олар башпай 
майтабандары — деп аталады. Жылқыда тұяқ майтабаны өте жақсы жетілген, 
ал қалғандары мүйізді қалдық ретінде калған. Күйіс қайтаратын жануарлар мен 
шошқада тұяқ майтабаны ғана болады.  
Тұяқ майтабаны.— pulvinus digitalis — барлық жануарларда жақсы дамыған. 
Ол үшінші бақай сүйегі буынның артында орналасқан. Ерекшелігі: сиырлар мен 
шошқада тұяқша табанына тұяқ майтабаны артында тұтастай орналасқан. 
Жылқылардың бақай табаны мүйізді өкшенің ішіне кіріп, тұяқтың секіру 
қызметтерін жақсы атқарады. Ол жұмсақ табаннан, көрсеткіш пен табанды 
сіңірден тұрады. Жұмсақ табан — артқы жуандалған бөлігі болып саналады. 
Жұмсақ табанның көрсекіші оның алдыңғы бөлігі және сына тәріздес келген. 
Осыдан, ол алға шығады да, тұяқтың табаның екіге айырады. Көрсеткіштің 
эпидермисі табанның мүйізді көрсеткішін құрайды. Алдыңғы ұшталған бөлігін 
– көрсеткіштің беті, артқы, білікше түрде келген екіге айырылған бөлігін – 
көрсеткіштің аяғы деп атайды, ал оның арасында орналасқан шұнқырды – тұяқ 
аралық жыртық дейді. Тұяқтың шеттерінде шеткі жыртық көрсеткіштер жатыр, 
олар тұяқтың мүйізді бетінен табанның мүйізді көрсеткішін бөледі.
Көрсеткіштің тері асты қабығы жұмсақ табанның тері асты қабығымен 
тұтас болып қосылады және серпінді көрсеткіш деп аталатын тері асты жұмсақ 
табан пен жұмсақ табан көрсеткіші пайда болады. Жұмсақ сіңір – жұмсақ 
табанның тері асты қабығының түр өзгеруін айтады. Түрі дұрыс емес ромб 
тәріздес. Сіңірдің сыртқы беті төмпекше тәріздес, ал ішкі – ойыс келген.
Алдыңғы жіліншік майтабаны— pulvinus metacarpalis және тілерсек 
майтабаны — pulvinus metatarsalis — бірінші бақай сүйек буындарының 
артында орналасқан. Ерекшеліктері: сиырда, қойда және шошқада ол жоқ, ал 
жылқыларда тұсау буынының артындағы қылдың түбінде орналасқан және 
өкше — calcares тәріздес.
Алдыңғы тізе майтабаны — pulvinus carpalis —ит пен жылқыларда жиі 
кездеседі. Жылқыларда каштан —callum – түрінде иықтың дистальды 
соңындағы медиальды жағынан орналасқан. Итте тізедегі қосымша сүйегінің 
аймағында орналасқан.
Тілерсек алды майтабаны— pulvinus tarsalis — жылқылардың медио-
плантарлы бетінде (каштан) ғана дамыған.
Тұяқ — ungula — сиыр мен шошқада теріден дамыған аяқтардың 
мүйізделген мүшесі. Ол аяқ ұшындағы тері эпидермисінен жетіледі. Тұяқ төрт 
бөліктен: тұяқ көбесінен, тұяқ жұлығынан, тұяқ қабырғасынан және тұяқ 
ұлтанынан тұрады. 


88 
Тұяқ көбесі — limbus ungulae— терінің мүйіз тұяққа бітетін жеріндегі ені 
0,5 см аралық. Ол тері сияқты эпидермистен, дермадан және шел қабатынан 
тұрады. Тұяқ көбесінің эпидермисінен мүйіз тұяқтың сыртқы жылтырауық 
қабаты жұқа жылтыр мүйіз глазурь бөлінеді. 
Тұяқ жұлығы —corona ungulae — тұяқ көбесінен төмен орналасқан, ені 
1,5 см тері бөлігі. Ол мүйіз тұяқтың ішкі бетінің жоғарғы жағындағы ойысқа 
жарты сақинаша түрінде жанасып жатады. Тұяқ жұлығы да эпидермистен, 
дермадаң және шел қабатынан қүралған. Оныңэпидермисінен мүйіз тұяқ 
қабырғасының негізін түзетін түтікше мүйіз бөлінеді. 
Тұяқ қабырғасы - paries ungulae — тек екі қабаттан: эпидермистен және 
дермадан тұрады. Шел қабаты болмағандықтан, дерма тұяқ сүйектің сүйек 
қабымен қосылып бірігіп кетеді. Тұяқ қабырғасы эпидермисінен мүйіз тұяқтың 
ішкі жұмсақ ақ жапырақша мүйізі болінеді. Бұл мүйіз тұяқтың ұлтаны жағынан 
тұяқтың ақ сызығы түрінде көрінеді. 
Тұяқ ұлтаны —solea ungulae — да эпидермистен және дермадан тұрады. 
Тұяқ ұлтанының дерма қабаты тұяқ сүйектің сүйек қабымен бірігіп кеткен. Шел 
қабаты болмайды. Тұяқ ұлтанының эпидермисінен мүйіз тұяқтың ұлтанының 
негізін құрайтын түтікше мүйіз бөлінеді. 
Аяқтың мүйіз тұяғы тұяқ көбесінің, тұяқ жұлығының, тұяқ 
кабырғасының, тұяқ ұлтанының және тұяқтың артқы жағындағы тұяқ 
майтабанының эпидермистерінен бөлінген мүйізді қабаттардан құралған. 
Тұяқша — ungula — жылқының тұяқшаның мүйізді капсуласынан, 
терінің негізінен және тері асты қабатынан тұрады (сурет 35).
Тұяқшаның мүйізді капсуласы немесе мүйізді табан — capsula cornea 
ungulae — эпидермистің туындысы болйып саналады. Ол тік, қысқа, төменге 
қарай кеңейтілген және қабырғаға табанмен тік тұрады. Тұяқтың мүйізді 
капсуласы келесі төрт бөлімнен тұрады: тұяқша көбесі, тұяқша жұлығы, тұяқша 
қабырғасы және тұяқша ұлтанынан тұрады. Бірақ өзіндік бөлігі ретінде мүйізді 
қабырғасы мен мүйізді ұлтанын көріге болады.
Мүйізді қабырғасы – ілгіш, латеральды және медиальды бөлімнен 
тұрады. Түйілу және бақай бұрышынан, латеральды түйілу бөлімінің 
қабырғасы, немесе латеральды тұяқты жамбас және медиальды түйілу 
бөлімінің қабығы немесе медиальды тұяқты жамбастан тұрады. Мүйізді 
қабырғаның (тұяқ жұлығы) үстіңгі шетінде жұлық науа орналасқан. Төменгі 
жағы (өкше) топырақпен жанасады. Тұяқшаның мүйізді қабырғасында глазурь, 
жұлық пен жапырақты қабаттар тұтастанып өсті.
Глазурь — мүйізді қабырғаның ең үстіңгі қабаты болып келеді және суда 
жақсы ісінетін түтікше, жұмсақ, серпімді мүйізден тұрады. Ол мүйізді 
қабығының жұлық ортаңғы қабатын жабады, яғни беткі қабатты ені 0,5 см және 


89 
қалыңдығы 1-1,5 мм келетін жолақпен жабады. Тұяқ көбесі эпидермисінің 
туынды қабаты алға қарай итермелейді. Глазурь тез бұзылады. Жұлық немесе 
ортаңғы қабат түтікше құрылысынан тұрады. Жұлықты науада көптеген тесік 
пен қабырға бетінің ұзын бойына елеулі келген. Құрамында дақ (пигмент) бар, 
осыдан олар тұяқты жұлығының эпидермис тің туынды қабатынан пайда 
болады да және айына 8-9 мм-ге дейін үстінен астыңа дейін өседі. Осындай 
мөлшерде олар өшіріледі. Жапырақшалы, немесе ішкі қабат – ашық түсті, 
пигментті емес мүйіз, тұяқты қабығының эпидермистің туынды қабатынан 
туындайды. Тұяқ қабырғасының бойындаүстінен астына қарай мүйізді 
жапырақшалар орналасқан және түтікшелі жұлық қабатымен тұтастанып өседі. 
Сондықтан мүйізді қабығының өкшелі шетінде тұяқтың ақ сызығы көрінеді. 
Тұяқтың мүйіздіқабығы тік бұрыш жасап, жердің үстіне қарай орналасқан. Ең 
өткір бұрыш ілгіш бөлігінде жақсы байқалады. Алдыңғы аяқ тұяғының бұрышы 
55—60° тең болды, ал артқы аяқ тұяғының бұрышы 50—55° құрады. Мүйізді 
қабырғаның медиальды бөлігі тік және жалпақ, ал латеральды бөлігі – қисық 
және дөңес.
Мүйізді табан – түтікшелі пигменттенген мүйізден жасалған. Тұяқтың ақ 
сызығы бойынша мүйізді қабығы жұмсақ табанның мүйізді сызығымен 
тұтастана өседі. Тұяқты табан эпидермисінің туынды қабығымен мүйізді табан 
жасалады. Мүйізді табанның алдыңғы, тақ келген бөлігі – дене, ал ал артқы жұп 
бөлігі – латеральды және медиальды тармақтар деп аталады. Мүйізді табанның 
үсті күмбез тәріздес әлсіз дамыған.
Тұяқтың негізгі терісі – көптеген экстерорецептерлерден тұрады, 
сондықтан дене сезім мүшесінің рөлін атқарады. Мүйізді капсуламен тұяқтың 
тері негізінің жанасу бетінің көлемі (площадь до 1 м
2
) жылқы тез қозғалған 
уақытта ауыртпай, соққысыз жақсы амортизациямен қамтамасыз етеді. Терінің 
негізі тұяқты көбесінің тері негізі, тұяқты жұлығы, тұяқты қабығы және тұяқты 
ұлтаны боп бөлінеді.
Тұяқ көбесінің тері негізі глазурь астында орналасқан және тамыр мен 
жүйке жүйесіне бай келеді.
Тұяқ жұлығының тері негізі білікше сақинаша иілген, жуан және қызыл 
боп келген (1—1,5 см дейін). Тұяқ жұлығының тері негізінің беті ұзын (4—6 мм 
дейін) және жіңішке емізікшелері бар.
Тұяқ қабырғасының тері негізі тұяқты сүйек бетінің сүйек үсті 
қабырғасымен бірігеді. Оның беті биік көлденен келген жапырақшадан тұрады. 
Жапырақшаның шеткі беттерінде қосымша, оларда көлденен келген айдардан 
тұрады, яғни олар мүйізді қабырғаның тері негізінің беткі жанасуын ұлғайтады.
Тұяқты ұлтанның тері негізі тұяқты сүйектің сүйек үсті ұлтанды бетімен 
бірігіп, өседі және ұзын, жіңішке емізікшелері бар.


90 
Тұяқтың тері асты қабаты тұяқты көбес пен тұяқты жұлығы аймағында 
жақсы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет