А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет60/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ауыз қуысының түбінде— fundus cavi oris—негізінен тіл жатады. Тіл 
мен қызыл иек аралығындағы саңылау тәрізді қалтарыста тіласты 
катпарлары- plica sublingualis болады. Аталған қатпарларға көп өзекті тіласты 
сілікей бездерінің өзектері ашылады. Тіл ұшының төменгі жағында, ауыз 
қуысы кілегейліқабығының тілге қарай өтетін қатпары тіл жүгеншігі– frenulum 
linguae - болады. Оның екі бүйіріңде тіласты сүйелшелері- caruncula 
sublingualis - көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгі жақ және бір өзекті тіласты 
сілекей бездерінің өзектері ашылады. 
Ерекшеліктер: Шошқаларда қатты таңдайдың төбе тігісі айналмалы, 20-
25 тегісті таңдай біліктері бар, бірінші және екінші біліктің арасында мұрын-
төбе каналына тесігі бар үш бұрышты кескіш емізікшесі орналасқан. Жұмсақ 
таңдай қысқа, жуан және көлденен орналасқан. Төбе-тілді доғасы жақсы 
дамыған. Шырышты бездері бар.


101 
Жылқылардың қатты таңдайында 16 -18 жұп біліктері бар. Оң және сол 
білік бірге қосылып, доға құрайды. Кескіш емізікшесі мұрын-төбелі каналға 
деген тесігі жоқ.
Жылқыда тіласты сүйелшелер жақсы дамыған. Күйіс қайтаратын 
жануарлардың тіласты қатпарлары бүртікшелі, тіласты сүйелшелері ірі де 
тығыз болып келеді. Шошқада тіласты сүйелшелері болмайды. Бірақ олардың 
орнындағы без өзектерінің тесіктері жақсы көріеді. Итте аталған сүйелшелер 
майда болып келеді.
Тіл — lingua — қимылы жақсы жетілген бұлшық етті мүше (сурет 37). Ол 
бұлшық еттердің көмегімен тіласты жөне төменгі жақ сүйектермен 
байланысқан. Барлық жануарларда тіл ауыздағы азықты араластырып, шайнау 
мен жұту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын анықтайды. 
Тіл тіл түбірінен— radix linguaeтіл денесінен— corpus linguae, тіл ұшынан — 
apex linguae, тіл арқасы — dorsum linguae мен екі бүйір бетінен facies lateralis 
тұрады. Оның негізін ұзынынан, көлденеңінен және тігінен өтетін бұлшық ет 
талшықтарының шоғырлары құрайды. Тіл сыртынан ауыз қуысының кілегейлі 
қабығымен қапталған.
Тіл денесі — corpus linguae — салыстырмалы жуан, күрек тістерінің 
арасында орналасады, көлденен кескенде үш бұрышты форма алады. Тіл 
денесінің төменгі шеті ауыз қуысының түбімен тікелей байланысты. Оң және 
сол шеттері дөңгелектенген және олар тіл бетін — facies lateralis, оның 
арқасынан — dorsum linguae бөледі. Вентральды беттің сілекей қабығы тілдің 
жігенін — frenulum linguae қалыптастырады. Оның арқасынан тілдің көпшігін 
— torus lingualis бөлуге болады. . 
Тілдің ұшы — apex linguae — азу тстерімен жанасады. Ол оң және сол 
бүйірлі шеттерінен тұрады, сонымен қатар екі бетін (дорсальды және 
вентральды бетін). Дорсальды беті — facies dorsalis — бұдырлы, ал вентральды
— facies ventralis — тегіс. Тілдің арқасы — dorsum linguae — әртүрлі шама мен 
формалы емізікшелеріне қапталған.
Тіл ұшының сілекей қабатында көптеген тілдің лимфа фолликулары — 
folliculi tonsillares linguales бар, олар тіл бадамын — tonsilla lingualis 
қалыптастырады. Тіл түбірі мен көмекей үсті негізінің арасында тілді-көмекей 
үсті қатпар - plica glossoepiglottica және тіласты-көмекей үсті бұлшық еті — m. 
hyoepigloticus орналасқан. Тілдің негізін тіл бұлшық еттері —m. lingualis 
құрайды. Олар: көлденен, тік және перпендикулярлы бұлшық ет будадан 
тұрады. Тіл қалқасының вентралды жағындағы тіл шеміршегі — lyssa әлсіз 
дамыған.
Тілдің қозғалуы тіл бұлшық еті мен тіласты сүйектің бұлшық еттерімен іске 
асады.


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет