123
вена артерия және вена қанын алып келеді. Бауыр артериясы мен қақпалық вена
бауырдың дәнекер ұлпалық аралықтарында кезегімен: бөліктік, сегменттік,
бөлшекшелер
аралық
артериялары
және
веналарға
тарамдалады.
Бөлікшелердегі өт капиллярларынан қабырғасы
бірқабатты текше тәрізді
эпителийден құралған бөлікшелер аралық өт өзегі түзіледі. Бөлікшелер аралық
артерия, вена және өт өзегі бөлікшелердің аралығындағы борпылдақ дәнекер
ұлпасында қатар орналасып, «бауыр үштігін» құрайды.
Бұлардың ішінде
бөлікшелер аралық венаның арнасы кең болады. Венаның жұқа қабырғасын
эндотелий, негіздік жарғақ, сақинаша орналасқан
жекеленген біріңғай салалы
ет ұлпасының миоциттері және сыртқы адвентиция құрайды. Бөлікшелер
аралық артерияның арнасы тар, қабырғасы қалың болып келеді. Оның
қабырғасы интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған.
Бөлікшелер аралық артериялар мен веналар
бөлікшелерді айнала шырмап
жататын, перделік (септальдық) артериялар мен веналарға тарамдалады.
Аталған қан тамырлары бауыр бөлікшелеріне кіріп таралып, бір-бірімен
қосылып, бауыр бағандарының аралығымен өтетін қойнауша (синусоидты)
капиллярларды түзеді. Қойнауша капиллярлар
бөлікше орталығында бір-
бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің орталық венасын құрайды. Орталық
веналар бір-бірімен бірігіп,
бөлікше асты веналарын, олар өз кезегінде бір-
бірімен қосылып, артқы қуыс венасына ашылатын бауыр венасын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: