135
бір-бірімен қозғалмалы байланысқан үш тақ, бір жұп, барлығы 5 шеміршек
құрайды.
Сақинаша шеміршек (кольцевидный хрящ) cartilagо cricoidea —тақ
гиалинді шеміршек. Оныңжоғарғы жағында сақинаша шеміршектің жалпақ
тақташасы (laminacartilagо cricoidea) мен темен қарай оның иілген доғасы
(arcuscartilagо cricoidea)
болғандықтан, пішіні сақинаға ұқсайды. Шеміршек
тақташасының сыртында орталық қыры, алдыңғы жиегінде ожауша
шеміршекке арналған буын беті болады. Шеміршек
доғасының латеральды
бетінде қалқанша шеміршектің артқы мүйіздіктермен байланысатын буын
ойыстары орналасқан. Сақинаша шеміршек каудальды бағытта кеңірдекпен
жалғасады.
Қалқанша шеміршек(щитовидный хрящ) — cartilago thyreoidea —
пішіні
иілген қалқанға ұқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң және сол
тақташаларымен көмекейдің екі бүйірінің және табанының негізін құрайды.
Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы және артқы мүйіздіктер
шығып
тұрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіласты сүйектің үлкен мүйіздігімен, ал артқы
мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады.
Ожауша шеміршек(черпаловидный хрящ) — cartilagenes arytaenoideae—
жұп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізіненжәне одан алға қарай
шығып, дорсальды бағытта ілмек тәрізді иілген мүйіз ше өсіндідентұрады.
Шеміршек негізінің сыртқы бетінде көтеріңкі ет өсіндісі байқалады.
Ожауша шеміршектің төменгі ұшында дыбыс сіңірі мен дыбысбұлшықеті
бекитін дыбыс өсіндісі(processus vocalis) болады.
Ожауша шеміршектер бір-
бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті
сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы
байланысады.
Бөбешік шеміршек(надгортанный хрящ) — cartilago epiglottidis— пішіні
бүгілген жапырақ тәрізді серпімді (эластинді) шеміршек. Ол көмекей қақпағы
бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің сабақшасы
, екі
бүйір жиегі, тіл және жұтқыншақ беттеріболады. Бөбешік негізі қалқанша
шеміршектіңалдыңғы жиегімен байлам арқылы байланысады.
Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара
буын арқылы қозғалмалы
байланысады. Ал қалқанша шеміршек тіласты сүйектің үлкен мүйіздіктерімен
және бөбешікпен қосымша байламдар арқылы жалғасады. Сөйтіп, көмекей
шеміршектері көмекейқуысының шеміршектік негізін құрайды.
Көмекей қуысы(саvum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабықастарлайды.
Көмекейге кіреберіс тесікті(aditus laryngis) төменгіжағынан көмекей қақпағы
бөбешік,екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарларыжиектеп жатады. Бөбешіктің
негізін бөбешік шеміршек, ал қатпарлардың
негізін ожауша шеміршектің
136
мүйізше өсінділері түзеді. Бөбешік көмекей қуысын жұтыну кезінде жауып
тұрады
Достарыңызбен бөлісу: