А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет80/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Ірі қара малда, шошқада, жылқы мен итте жуан ішектің орналасуы мен 
құрылысының ерекшеліктерін сипаттап беріңіз? 
 
12 Тыныс алу аппараты 
 
Тыныс алу аппаратына – мұрын және мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек 
және өкпе кіреді.


130 
12.1 Мұрын және мұрын қуысы 
Сабақтың мақсаты: Мұрын мен мұрын қуысының құрылысын игеру 
Тыныс алу аппараты – apparatus respiratorius – жануарлар организмдегі 
сыртқы тыныс алу процесін іс жүзінде асырады. Тыныс алу мүшелерінің негізгі 
қызметі қанды оттегімен қанықтыру және қаннан көмірқышқыл газын сыртқа 
шығару, яғни бұл аппарат ауадағы оттегінің қанға өтуін, керісінше, қандағы 
көмірқышқыл газдың ауаға шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, 
тыныс алу мүшелері дененің қызуын реттеуге қатысады және эндокриндік 
қызмет те атқарады. Тыныс алу мұшелерінде иіс сезімі мен дыбыс мүшелері 
орналасады.
Мұрын (нос)—nasus — және мұрын қуысы(носовая полость) —cavum 
nasi— тыныс жолдарының басталар бөлігі(cурет 43). Мұрын қуысында ауа 
жылынады, дымқылданады, құрамындағы шаң-тозаңнан тазаланады және иіс 
сезімі мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. 
Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады. 
Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі(septum nasi) арқылы екі 
мұрынқуысына (cavum nasi) бөлінеді. Мұрын қуыстарының кіреберіс және 
шығаберіс тесіктері болады. Кіреберіс тесіктерін мұрын тесіктері(nares), ал 
мұрын қуыстарынан жұтқыншаққа шығатын шығаберіс тесіктерін хоана 
(сһоаnа) тесіктері — деп атайды. Мұрын қуысы тиісті тесіктер арқылы 
мұрынның маңында орналасқан мұрын қойнауларыменқатысады.
Мұрынның мұрын ұшынан маңдайға дейін созылып жатқан жоғарғы беті 
мұрын арқалығы(dorsum nasi), ал мұрын арқалығының маңдайға жанаса бітетін 
жерін мұрын түбірі(radix nasi) — дейді, Жоғарғы еріннің үстіңгі жағындағы 
мұрын ұшының(apex nasi) пішінібарлық жануарларда бірдей емес. Мұрынның 
сүйекті негізін бассүйектің бет бөлімінің сүйектері құрайды. Оның сүйектік 
негізінің екі бүйірін жоғарғы жақ және тұмсық сүйектері; артқы қабырғасын 
торлы сүйек; алдыңғы мұрын ұшын тұмсықсүйек пен мұрын шеміршектері; 
мұрын түбін тұмсық, жоғарғы жақ және таңдай сүйектері; мұрын арқалығын 
мұрын 
сүйек 
құрайды. 
Ал 
мұрын 
пердесінің 
негізі 
перделік 
шеміршектен(cartilago septi nasi). 
Мұрын ұшында орналасқан мұрын қуысы кіреберіс тесігінің бүйір 
қабырғасы 
(танау) 
мұрын 
қанатымен(alae 
nasi) 
шектелген.Мұрын 
шеміршектері(cartilagenes nasi) мен танау шеміршектері(cartilagenes alares) 
мұрын қанаттары мен танауды тұрақты ашық қалыпта ұстап тұрады. Танау 


131 
шеміршектерінің құрылысы мен бітімі әр түрлі жануарларда түрліше болып 
келеді. 
Мұрын ұшындағы жұп тесік қабырғаларының негізін перделік 
шеміршектің дорсальды және вентральды жиектерінен, оның екібүйіріне қарай 
бағытталған бүйірлік латеральды жәневентральды мұрын шеміршектері 
(cartilago nasilaterales etventralis) құрайды. 
Мұрын сыртынан терімен қапталған. Оның мұрын тесіктері 
айналасындағы түксіз және тұрақты суланып тұратын пигменттелген аймағын 
мұрын қаңсары (planum nasale) — дейді. Оның қабырғасында үздіксіз сірлі 
сұйық бөліп тұратын сір бездері болғандықтан, қаңсардың сыртқы беті әр 
уақытта дымқылданып тұрады. Оның температурасы дене қызуымен 
салыстырғанда салқындау келеді. Ал қаңсардың сыртқы бетінің құрғақ болуы
жануарлардене қызуының жоғарылағандығының белгісі. Оның айналасындағы 
теріде жекеленген сезімтал түктер байқалады. 
Мұрынқуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі 
қабықпен қапталған. Бұл аумақты мұрын кіреберісі(vestbulum nasi) — деп 
атайды. Ал мұрын қуысының қалған бөлігін өзіндік мұрын қуысы(cavum nasi 
proptium) дейді. Демек, мұрын қуысы бір-бірінен анық ажыратылатын екі 
бөліктен тұрады. Мұрын кіреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ 
эпителиймен, ал өзіндік мұрын қуысының кілегейлі қабығы бірқабатты 
көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Мұрын қуысының кілегейлі 
қабығы мұрын пердесі бетінде тегіс болып келеді. Ал бүйір қабырғасында ол 
кеуілжірдің пішінін қайталайды. Мұрын қуысының артқы жоғарғы жағындағы 
иіс сезімі мүшесі орналасқан кілегейлі қабық аймағы ұяшықтәрізді әр түрлі 
пішінді қатпарлар түзеді.
Әрбір мұрын қуысында ауа жүретін төрт мұрын жолы болады. Олар 
мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы дорсальды және вентральды мұрын 
кеуілжірлерінің қатысуымен бөлінеді. Олар: 
1.Дорсальды мұрын жолы(meatus nasi dorsalis) көлемі жағынан жіңішке 
келген өтіс. Ол мұрын қуысының төбесі мен дорсальды кеуілжірдің арасында 
жатқан жіңішке жол. Дорсальды мұрын жолыменауа торлы сүйек шытырманы 
бетінде орналасқан иіс сезімі мүшесіне өтеді. Сондықтан, бұл жолды иіс сезімі 
жолы — деп атайды. 
2. Ортаңғы мұрын жолы(meatus nasi medius) дорсальды және вентральды 
кеуілжірлер аралығында болады. Ортаңғы мұрын жолымен ауа мұрын 
маңындағы қойнауларға арнайы тесіктер арқылы өтеді. 
3. Вентральды мұрын жолы(meatus nasi ventralis) вентральды кеуілжір 
мен мұрын қуысының түбі аралығында жатады. Вентральды мұрын жолымен 
ауа хоана тесіктері арқылы аңқаға өтеді. 


132 
4. Жалпымұрын жолы(meatus nasi communis) мұрын пердесі мен 
кеуілжірлердің және иіс сезімі шытырмандарының медиальды беті аралығында 
орналасады. Жалпы мұрын жолы алдыңғы үш өтісті жалғастырып, артқа қарай 
аңқа жолына (nasopharynx) айналды да, хаоналар арқылы ауаны аңқаға өткізеді.
Мұрын қуысының кілегейлі қабығы дорсальды кеуілжірдің алдыңғы 
жағында түзу қатпар (plica recta), ал вентральды кеуілжір алдында негізгі 
қатпарды (рlica basalis) және танау қатпарларын (рlica alares) түзеді.
Мұрын кіреберісімен өзіндік мұрын қуысы шекарасындағы қатпарда 
мұрын-көзжасы тесігі (оsmium nasolacrimalis) көрінеді. Бұл тесікке 
мұрынқуысын көзжасы қапшығымен байланыстыратын мұрын-көзжас өзегі 
(ductus nasolacrimalis) ашылады. 
Көзжасы менмұрын қуысы кілегейлі қабығындағы бездер бөлінділері 
ауаныдымқылдандырып тұрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабықастында 
көптеген қан тамырларынан түзілген веналық өрім (plexus venosus nasi) болады. 
Ол ауаның жылуын қамтамасыз етеді. Вентральды мұрын жолының алдыңғы 
жағындағыкүректіс өзегі(ductus incisivus)
 
арқылы мұрын қуысы ауыз қуысымен 
қатысады. Бұл өзекке жануарларда иіс сезімі қызметін атқаратын мұрын-
соқалықмүше өзегі (ductus organon vomeronasalis) ашылады. 
Ерекшеліктері.Жылқыда қаңсар болмайды. Мұрын тесігініңпішіні жарты 
ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танау шеміршегі түзеді. Ол шеміршек 
тақташасы мен мүйізшесінен тұрады. Шеміршек тақташасы танаудың алдыңғы 
қабырғасында ғана кездеседі. Танаудың бүйір бетінде тереңдігі 5-7 см 
мұрынқалташасы (дивертикул) болады. Мұрын кеуілжірлері өздерініңішкі 
перделері арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы 
кеуілжірдің артқы бөлімі маңдай қойнауымен жалғасып,мандай-кеуілжір 
қойнауын(sinus conchofrontalis), ал вентральды кеуілжірдің осындай бөлімі 
жоғарғы жақ қойнауымен жалғасып, кеуілжір-жақ тесігін (aperture 
cochomaxillaris) түзеді. 
Дорсальды кеуілжірдің түзу қатпары қос қатпардан құралған. Танау 
қатпарының негізін Sәрпі тәрізді шеміршек (cartilage sigmoidea) құрайды. 
Күректіс өзегі ауыз қуысына ашылмайды. Кілегейліасты веналық өрім мұрын 
пердесінде, кеуілжірлерде әсіресе, вентральды кеуілжірде жақсы жетілген. 
Сиырда каңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Мұрын тесіктері 
онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсо-латеральды 
шетінде танау сайы(sulcus alaris) жатады, Танаудың дорсальды қабырғасын 
шеміршек тақташасы, ал вентральды қабырғасын зәкір (якорь) тәрізді 
шеміршек түзеді. Дорсальды және вентральды бүйірлік шеміршектер бір-
бірімен жалғасып, мұрынның бүйір қабырғасының негізін құрайды. Дорсальды 
кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральды кеуілжір жалпақ болып келеді. 


133 
Вентральды кеуілжір өз кезегінде ұзынша ішкі пердемен дорсальды және 
вентральды бөлімдерге бөлінеді. Оныңдорсальды бөлімі ортаңғы мұрын 
жолымен, ал вентральды бөлімі вентральды мұрын жолымен қатысады. 
Ұсақ малдардақаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғанаболады. 
Мұрын тесігі S әрпі пішіндес болып келеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет