А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет90/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Сабақтың мақсаты: Несепағар, қуық пен несепшығар өзектің құрылысын 
игеру 
Несепағар (мочеточник) ureteres –бүйрек түбегінен басталып, бел 
аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше. Ол 
құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында 
орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының 
құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғашталаеніп, 3-5 
см -дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық 
қуысына ашылады. Несепағардың бұлай қуық қабырғасымен өтіп, қуықтың 
қуысына ашылуы зәрдің бүйректен қуыққа тек бір бағытта ғана ағуына жағдай 
тудырады. Зәр қуық қуысынан кері несепағарға өте алмайды. Себебі, қуық 


147 
зәрге толған сайын, оның етті қабығы несепағарды сыртқы жағынан қысып, 
зәрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді. 
Несепағардың гистологиялық құрылысы. Несепағар түтікше мүше 
ретінде, оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. 
Несепағардың ішкі кілегейлі қабығыекі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ 
ауыспалы эпителийден және сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік 
тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. 
Несепағардың ортаңғы етті қабығыүш қабаттан құралған. Олар: ішкі ұзынша 
қабат, ортаңғы сақинаша қабат және сыртқы ұзынша қабат. Аталған етті 
қабықтың қабаттары бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. 
Несепағардың сыртқы сірлі қабығыішкі борпылдақдәнекер ұлпалық қабаттан 
және сыртқы мезотелий қабатынан (бірқабатты жалпақ эпителий) тұрады. 
Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігінің сыртқы қабығы адвентиция 
(борпылдақ дәнекер ұлпасы). 
Қуық (мочевой пузырь)—vesica urinaria — пішіні алмұрт тәрізді зәр 
уақытша жиналатын қуысты мүше (сурет48). Оның құрсақ қуысына қараған 
бөлігін қуықтөбесі(vertex vesicae), ұзынша келген ортаңғы бөлігін қуықденесі 
(corpus vesicae) және жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін 
қуық мойны(cervix (collum) vesicae) — деп атайды. Іші бос қуықтың ішкі 
кілегейлі қабағы қатпарланып тұрады. Көпқабатты ауыспалы эпителиймен 
астарланған кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы 
кілегейлі қабықтың ішкі бетінде несепағар білеуліктері(columnae uretericae), ал 
олардың қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері(ostium (orificium) 
ureteris) көрінеді. Осы тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар 
қатпарлары(plicae uretericae) бір-біріне сүйір бұрыш жасай үшкірлене 
жақындап, қуық үшбұрышын(trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары 
өзара қосылып, бірігеді де, қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде 
несепшығар қырын(crista uretharalis) түзеді. 
Қуықтың етті қабығының сақинаша қабаты, қуық мойнының қысқыш етін 
құрайды.Сыртқы сірлі қабық қуықтың тек денесі мен төбесін ғана қаптайдыал 
оның мойны адвентиция қабығымен қапталған. Сірлі қабық қуықтың 
вентральды бетінен құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғаларына өтіп, 
қуықтың орталық байламын(ligamentum vesicae medianum ) түзеді. Бұл 
байламда, іштөлінің аллантоис қапшығымен жалғасатын несепжолы(urachus) 
және ұрықжолдасқа (плацентаға) қанапаратын кіндік артерияларыжатады. Сақа 
жануарларда аталған қан тамырлары қуықтың жұмыр байламына(ligamentum 
ters vesicae) айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет