А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Тоқ ішектің гистологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Тоқ ішектің гистологиялық құрылысы. Жуан ішектердің қабырғалары 
да басқа түтікше мүшелер сияқты кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан 
тұрады. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында төрт қабат: эпителий, өзіндіктақташа, 
етті тақташа және кілегейлі асты негіз қабаттары болады. Кілегейлі қабығында 
ішек бүрлері болмайды. Тек, борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташаға 
үңгілене енген, жиі орналасқан кірмелер (крипталар) болады. Бірқабатты 
призма тәрізді эпителий қабаты жиекті және жиексіз энтероциттерден, құтыша 
(бокал тәрізді) торшалардан құралған. Бокал тәрізді торшалар тым көп. 
Эндокринді және панет торшалары кездеспейді. Етті және сірлі қабықтарының 
құрылысы ащы ішек қабырғасының құрылысына ұқсас. 
Тік ішек (прямая кишка) — intestinurn rectum—жуан ішектің қысқа соңғы 
бөлігі. Ол жамбас қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы шажырқайға 
ілініп тұрады. Тік ішек артқы тесік ануспен аяқталады. Анусқа өтер алдында тік 
ішек кеңейіп, тік ішек ампуласын(атриііа гесіі) түзеді. Тік ішекті сірлі қабық 
текқұйымшақтың төменгі жағындағы бөлігін ғана сыртынан қаптайды. Ал оның 
жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы бөлігін сыртынан адвентициямен 
(борпылдақ дәнекер ұлпасымен) қапталған.
Ерекшеліктері: шошқаның тік ішегі ануспен аяқталады. Көбінесе, ол 
маймен қапталған, осыдан тік ішектің ампуласы пайда болады. Лимфа 
түйіршіктері көп және кішкентай болып келеді.
Жылқының тік ішегі ампула тәріздес кеңейтілген. Сірлі қабығы тек 
алдыңғы бөлігінде бар, ал 4-5 құйымшағының омыртқасындағы тік ішек сырты 


129 
борпылдақ жалғама ұлпамен қапталған. Тік шек пен құйрықтың бұлшық еті 
жақсы дамыған.
Иттердің тік ішегі ампула тәріздес кеңейтілген. Анустың шетінде 
кішкентай емес безді қапшықтар, жұпты анальды синустар орналасқан. Олар 
көтергіш анус пен оның сыртқы сфинктерінің арасында жатыр. Жұпты анальды 
бездердің бөліндісі оларға арнайы иісті береді.
Артқы тесік — anus — тік ішектің каудальды ұшымен қалыптасады. 
Анустың сірлі қабаты көптеген тегіс эпителилермен қапталған. Бұлшық етті 
қабық сфинктерді түзеді. Анустың ішкі сфинктерін — sphincter ani internus 
қалыптастыратын түбірі тегіс бұлшық еттен тұрады, ал бетін – көлденең 
жолақты бұлшық еттен, ол анустың сыртқы сфинктерін — sphincter ani externus 
қалыптастырады. Анустың сырты терімен қапталған. Ол бірінші құйрық 
омыртқасына және тік ішек пен құйрықтың бұлшық етімен жамбасқа, анусты 
көтергішпен, сонымен қатар анустың ілмек байламына байланысқан.
Тік ішек пен құйрықтың бұлшық еті — m. rectococcydeus — анус пен тік 
ішектің вентральды және бүйірлік қабырғасынан бірінші құйрықтың 
омыртқасына бағытталған. Қызметі: нәжіс шығарған кезде, артқа қарай 
тартады.
Анусты көтергіш — m. 1evator ani — жамбас байламы мен шонданай 
білігінен басталады да, анустың қабырғасында аяқталады. Қызметі: нәжіс 
бөлгеннен кейін, анусты өзіне қарай тартады.
Анустың іліп қою байламы — ligamentum suspensorium ani — бір ұшымен 
2-ші құйрық омыртқасына бекітілген, ал екінші ұшымен ілмек тәріздес анусқа. 
Қызметі: анусты ұстайды.
Шошқаның артқы тесігі сиырдың құрылысымен ұқсас.
Жылқылардың артқы тесігінің терісі май және тері бездеріне бай, тері-
тесікті және аноректалды сызығы жақсы көрінеді, ішкі және сыртқы сфинктері 
жақсы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет