201
Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы бөлігінен вена қанын жинайтын
төмендегідей веналар қатысады:
1) жалпы мықын венасы(v. iliaca communes)
орталық құйымшақ және
құйрық веналарының тікелей жалғасы;
2) ішкі мықын венасы(v. iliaca interna) вена қанын жамбас қуысының
қабырғасы мен ішкі мүшелері веналарынан жинайды. Ішкі мықын венасы
тармақтарының атаулары ішкі мықын артериясының артериялар тармақтарына
сәйкес келеді;
3)
сыртқы мықын венасы(v. iliaca externa) вена қанын артқы аяқ, құрсақ
қабырғасының артқы бөлімдері, сыртқы жыныс мүшелері мен желін веналары
тамырларынан жинайды.
Артқы аяқтың вена тамырлары да, орналасу орындарына байланысты, екі
түрлі вена тамырларының магистралінен құралған. Олар: 1) терең веналар
магистралі; 2)беткей орналасқан теріасты веналар магистралі.
Терең вена тамырларының магистралі — артқы аяқты қанмен
қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына сәйкес
келіп, артқы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена тамырлары. Терең
вена тамырлары плантарлы және дорсальды бақай және жіліншік терең
веналарынан басталады.
Артқы аяқтың беткей теріасты веналар
магистралінмедиальды және
латеральды анық (сафена) веналары түзеді. Медиальды сафена венасы(v.
saphena medialis) немесе сирақпен артқы аяқ басының теріасты венасыаттас
артериямен қатар өтіп, сирақ пен санның медиальды бетінде жатады. Ол
дорсальды жіліншік венасынан басталады да, сан венасына құяды.Латеральды
сафена венасы
(v. saphena laterales) дорсальды
жәнеплантарлы жіліншік
веналары тармақтарының қосылуынан құралады. Бұл вена сирақтың
латеральды бетінде жатады. Латеральды сафена венасы балтыр бұлшық етінің
плантарлы бетімен жүріп отырып, жинаған вена қанын каудальды сан венасына
құяды.
Ерекшеліктері. Жылқыдамедиальды сафена венасы жіліншіктің дорсальды
медиальды венасынан басталады. Бұларда жіліншіктің дорсальды латеральды
венасы болмайды. Ал теріасты құрсақ венасы
сыртқы көкірекжәне сыртқы
жыныс веналарымен жалғасып, алға қарай бағытталады да, қолтық венасына
құяды.Күйіс қайтаратын жануарлардамен шошқадалатеральды
сафена венасы
терең сан венасына құяды.Иттемедиальды сафена венасын түзуге плантарлы
тармақтармен қатар, жіліншіктің дорсальды тармақтары қатысады.
Бақайдың плантарлы веналы доғадан — arcus venosus digitalis plantaris , яғни
екі табан сүйектерінің плантарлы беттері латеральды және медиальды
веналарынан —-vv. Metatarseae plantares superficiales lateralis et medialis - тері
202
асты веналы медиальды магистралі басталады. Қосылған уақытта, осы веналар
–жіліншік венасын — v. Malleolaris құрады. Үлкен сафена венасы —v. Saphena
medialis, s. Magna немесе проксимальды түрде медиальды
тері асты табанына
және сирағына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: