203
Латеральды теріасты вена тамыры (кіші сафена венасы)
табанның дорсальды
және плантарлы бетінен қанды басқа жерге айдайды. Медиальды теріасты
венасы әлсіз дамыған және қанды сирақтан басқа жерге айдайды.
Артқы аяқтың терең және теріасты вена магистральдары қанды сыртқы
мықын венасына құяды. Барлық жануарларда сыртқы мықын венасы ішкі
мықын
венасымен қосылып, жалпы мықын венасын түзгенге дейін, терең сан
венасын
(v.femoralis profunda
) қабылдайды. Терең сан венасын вена қанын
құрсақтың төменгі (вентральды) қабырғасынан жинайтын құрсақүсті-жыныс
венасы (v.pudendoe-pigastrica
) мен сыртқы жыныс мүшелерінен қан
жинайтынсыртқы жыныс венасы (v.pudenda externa
)құрайды.Өз
кезегінде
сыртқы жыныс венасына каудальды құрсақүсті венасы (v.epigastrica caudalis
)
келіп құяды. Каудальды құрсақ үсті венасы құрсақтың вентральды
қабырғасында краниальды құрсақ үсті венасымен қосылып, құрсақтың теріасты
венасын(v.subcutanea abdominis) түзеді. Сиырдағы бұл тамырды “сүт венасы”
— деп атайды. Төссүйектің сүріншек (семсерше) өсіндісі аумағында құрсақтың
теріасты венасы көкірек қуысына өтіп, ішкі көкірек венасына қосылады.
Аталған веналардың қосылған жері тері арқылы сипап байқауға болады. Тері
астындағы “сүт венасы” көкірек қуысына өтетін осы тесікті құрылымды — “сүт
құдығы” — деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: