А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет129/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Сыртқы күретамыр (мойындырықтық) венасы (наружная яремная вена) 
— v. jugularis externа — мойын аумағындағы тері астында, иық- бас және төс-
бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық сайда (sulcus jugularis) 
орналасады. Сыртқы күретамыр венасы құлақ түбі сілекей безінің артқы 
жағында, тіл-бет және жоғарғы жақ веналарының қосылуынан басталады. 
Тіл-бет венасы (язычно-лицевая вена) — v.linquo-facialis — бет және тіл 
веналарының бірігуі нәтижесінде түзіледі. 
Бет венасы (лицевая вена) — v. facialis — вена қанын бастың бет бөлімінен 
жинайды. Бет венасына өз кезегінде: 1) көз бұрышының венасы(v.angularis 
oculi) вена қанын маңдай, төменгі және жоғарғы көз қабақтары, көз шарасы 


198 
аумақтарынан жинайды; 2) бүйірлік мұрын венасы(v.lateralis nasi) вена 
қанын мұрынның арқалығы мен бүйір қабырғаларынан жинайды; 3) езу 
венасы(v.angularis oris) вена қанын жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, көз асты 
аумақтарынан жинайды; 4) терең бет венасы(v.faciei profundae) вена қанын 
жоғарғы тістерден, қатты және жұмсақ тандайдан, мұрын қуысынан жинайды. 
Бастың бет бөлімінің орта тұсында, терең бет венасы бет венасына қосылады. 
Тілвенасы (язычная вена) — v. lingualis — терең тіл және тіл асты 
веналарының бірігуінен түзеледі. Олар вена қанын тілден, ауыз қуысының 
түбінде орналасқан мүшелерден және жұтқыншақтан алып шығады. 
Жоғарғы жақ венасы (верхнечелюстная вена) — v. maxilaris — жоғарғы 
жақ және сыртқы ұйқы артерияларынан ажырайтын артерия қан 
тамырларының аттарына сәйкес келетін веналардан құралады. Жоғарғы жақ 
венасы вена қанын көз вена торабынан(plexus venae ophtalmicus), қанатша вена 
торабынан 
(plexus 
venae 
pterygoideus), 
беттің 
көлденең 
венасынан(v.transversa faciei), беткей самай венасынан(v.temporalis 
superficialis) және каудальды құлақ венасынан(v.auricularis caudalis) 
жинайды. Аталған веналар өз кезегінде вена қанын аттас бас аумақтарынан 
алып шығады. 
Ерекшеліктері.Жылқыдажоғарғы жақ венасы жақсы жетілген. Ол ұрт 
венасынан басталады. Оған аталған веналардан басқа беттің көлденең венасы 
құяды. Күйіс қайтаратын жануарлардатерең бет венасы болмайды. Жоғарғы 
жақ венасына вентральды ми жөне шықшыт веналары ашылады. 
Шошқадажоғарғы жақ венасының тармақтары жылқы венасына ұқсас. Иттебет 
венасына жұтқыншақ және көмекей веналары, ал жоғарғы жақ венасына 
дорсальды ми венасы келіп құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет