221
сыртқы сұр заттық қабығын үлкен ми қыртысы (cortex cerebri) – деп атайды.
Оның сыртқы бетінде сайлар арқылы бір-бірінен бөлінген, пішіні әр түрлі
жануарларда түрліше келген қатпарлар болады. Ми жабынынның сыртқы бүйір
бетінде тігінен өтетін латеральды сай (sulcus lateralis (Sylvii))немесе сильвий
сайы жақсы көрінеді. Латеральды сайды сыртқы
жағынан пішіні доға тәрізді
үш қатарда жатқан сайлар қоршап, үлкен ми қыртысын :
шүйде бөлікке (lobus
occipitalis pallii),
төбе бөлікке (lobus parietalispallii),
маңдай бөлікке (lobus
frontalis pallii) және с
амай бөлікке (lobus temporalis pallii) бөледі.
Иіс миы (rhinencephalon) соңғы мидың төменгі
бетінде орналасады. Ол
иіс
баданасынан — bulbus olfactorius (сұр заттан тұрады,
біріншілік иіс
орталығы), латеральдыжәне медиальды иіс жолдарынан— (өткізгіш жолдар),
иіс үшбұрышынан, алмұртша бөліктен құралған.
Иіс үшбұрышы (trigonum
olfa-ctorium) мен
алмұртша бөлік (lobispiriformes) сұр заттан тұрады. Бұлар
екіншілік иіс орталығының қызметін атқарады. Өткізгіш жолдар ретінде жүйке
талшықтарынан құралған латеральды және медиальды иіс жолдары сүр заттан
тұратын латеральды және медиальды иіс қатпарларын сыртынан қаптай,
біріншілік
иіс орталығы иіс баданасын, екіншілік иіс орталықтары иіс
үшбұрышымен және алмұртша бөлікпен байланыстырады. Иіс үшбұрышы
латеральды және медиальды иіс жолдарының арасында жатады. Латеральды
иіс
жолы алмұртша бөлікке, ал медиальды иіс жолы жол бойы
иісмаңы ала
тын (area parolfactoria) жасап, ми жабынының медиальды бетіне өтеді.
Латеральды және медиальды иіс жолдары қабылданған тітіркеністі иіс
баданаларындағы
біріншілік иіс орталықтарынан, иіс қатпарларына, иіс
үшбұрыштарына, иісмаңы алаңдарына, алмұртша
бөліктердің сұр затындағы
екіншілік иіс орталықтарына, одан әрі аралық ми гипоталамусына және
ортаңғы миға өткізеді. Алмұртша бөліктің ішіндегі қуысы — бүйірлік ми
қарыншасының артқы жалғасы. Алмұртша бөліктің ішкі қабырғасында аммон
мүйізінің ұшы аяқталады. Алмұртша бөлікті
артқы және ішкі жақтарынан
Достарыңызбен бөлісу: