А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет22/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары. 
1 Қандай сүйектерден алдыңғы аяқ қаңқасы құрылған. Оны латын 
терминологиясын қолдану көмегімен атап беріңіз?
2 Иық белдеуіне қаңдай сүйектер кіреді?
3 Жауырынның құрылу элементтерін атаңыз, басқа үй жануарлардың жауырын 
немен ерекшеленеді?
4 Тоқпан жіліктің қай жерінде проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз және 
диафиз орналасқан?
3.2 Білек қаңқасы, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, алдынғы жіліншік
 
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасында білек қаңқасы (кәрі жілік пен 
шынтақ сүйегі) пен алдыңғы аяқ басының қаңқасының (тізе, алдыңғы жіліншік 
және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері) құрылысын оқып-зерттеу. 
Білек қаңқасы - ossa antibrachii - әртүрлі дәрежеде дамыған екі сүйек: кәрі 
жілік пен шынтақ сүйек құрайды(сурет 14). 


36 
Кәрі жілік - os radii – медиальды орналасқан (сурет 16). Проксимальды ұшында 
оның басы - caput radii. Білек қаңқасын блоктау үшін баста буынды шұңқыр -
fossa articularis бар. Бастың қасында кәрі жілік бұдыры tuberositus radii. 
Дистальды ұшында буынды блок- trochlea radii, ал онда емізікше - sulcus мен 
жота - crista орналасқан. ,
Шынтақ сүйегі- os ulnae – ірі қара малда өте жақсы дамыған. Оның 
проксимальды бөлігінде жақсы жетілген шынтақ сүйегінің өсіндісі processus 
olecrani, ал оның үстінде шынтақ төмпешігі –olecranon болады. Осында,
алдыңа қарай тұмсық тәріздес өсінді -processus anconeus, ал одан төмен қарай 
жартылай айлы кескін -incisura semilunaris орналасқан. Шынтақ сүйегінің 
денесі үшбұрышты, ол қозғалмастан кәрі жілік сүйекпен тұтасып өседі. 
Олардың арасында сүйек аралық тесік –spatium interosseum бар. Шынтақ
сүйегінің дистальды ұшында латеральды грифельды өсіндісі - processus 
styloideus lateralis бар.
Ерекшеліктері: жылқыларда кәрі жілік бұдыры кең, сүйек аралық тесігі үлкен. 
Шошқаларда шынтақ сүйегі жақсы дамыған. Иттерде екі сүйектері де жақсы 
дамыған, шынтақ өсіндісі үш төмпешіктен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет