А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


- сурет. Асықты жілік пен шыбық сүйек. (сол жағынан)



Pdf көрінісі
бет28/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

19- сурет. Асықты жілік пен шыбық сүйек. (сол жағынан) А – ірі қара мал, Б 
– жылқылар; 1 - асықты жілік, 2 – асықты жіліктің жотасы, 3 – айдаршық 
аралық қырат, 4 – латеральды айдаршық, 5 – шыбық сүйектің басы,
6 – латеральды қайықша , 7 – блок, 8 - медиальды қайықша,
9 – шыбық сүйек. 


45 
20- сурет. Тілерсек сүйегі. (оң жақ аяғы) А – ірі қара мал, Б – жылқылар. 1 
асықты жілік, 2 – асық, 3 – орталық сүйек, 4 – үшінші тілерсек сүйегі, 5 – ірі 
қара малда табан сүйектің үшінші және төртінші сүйегі, ал жылқыларда 
үшінші, 6 – төртінші тілерсек сүйегі, 7 – буынды канал,
8 – жіңішке сирақ сүйегі, 9 - өкше сүйегі. 
Артқы аяқ басының қаңқасы. Бақай сүйектері -ossa pedis.Артқы жіліншік, 
тілерсек және бақай саусағынан тұрады. Тілерсек сүйегі - ossa tarsi – сиырларда 
6 сүйектен тұрады және 3 қатарда орналасқан. Проксимальды қатарда асық 
және өкше сүйектері. Асық сүйек -os tarsi tibiale. Медиальды орналасқан және 
үш блоктан тұрады: проксимальды, дистальды және плантарлы. Проксимальды 
блок – асықты жілік үшін арналған, дистальды орталық сүйегі үшін, ал 
плантарлы – өкше сүйегі үшін. Өкше сүйегі -os tarsi fibulare. Латеральды 
орналасқан, асық, орталық және жіліншік сүйегімен қосылады. Өкше сүйегінде 
шомбал денесі бар, ахилді сіңірі үшін өкше өсіндісі -processus calcaneus 
орналасқан. Өкше сүйегінің медиальды бетінде асық сүйекті ұстайтын - 
sustentaculum tali сүйек шығып тұр. Оталық бетінде орталық сүйек –os. tarsi 
centrale. Орталық сүйек тек орташа қатарды ғана емес, сонымен қатар 
дистальды қатарда орналасады. Дистальды қатарда үш тілерсек сүйектері 
жатыр: бірінші тілерсек - os tarsi primum, екінші тілерсек - os tarsi secundum, 


46 
үшінші тілерсек - os tarsi tertium. Табан сүйектеріүш бөліктен тұрады (тұсамыс 
сүйек,топай сүйек және тұяқ сүйек). 
Ерекшеліктері: Жылқыларда асық сүйегі бұранда блок түрінде, өкше өсіндісі 
ұзын, төмпешігі жалпақ. Шошқаларда және сиырларда асық және өкше 
сүйектерінің құрылыстары ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет