А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


- сурет.  Ірі қара малдың омыртқа байланысы



Pdf көрінісі
бет30/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

21- сурет Ірі қара малдың омыртқа байланысы. 1 – желке тарамысының 
қанатша бөлігі, 2 – оның пластинкалық бөлігі, 3 – білік аралық байламы, 4 – 
білік үсті байлам, 5 – көлденең вентральды байламы, 6 – омыртқа аралық 
талшықты шеміршек 
7. Желке байламы – ligamentum nuchae- ең ірі, эластикалық тканінен түзілген, 
арқаншада және пластинкадан тұрады. Бұлар жануарлардың бас мен мойының 
көтерілу кезіндегі қозғалысын қамтамасыз ететін бұлшықеттерге жәрдем 
береді. 
8. Желкенің арқанша бөлігі жота үстілік байламның мойындағы жалғасы болып 
табылады. Ол шүйде сүйегіне барып бекиді.
9. Желке пластинкасы мойын омыртқалардың жоталық өсінділерінен басталып, 
желкенің арқанша бөлігіне жалғасады. . 
10. Арқа облысында бірінші көкіректен қылтықты үсті байлам басталады және 
ол мықын сүйегінің құйымшақ төмпешігінде аяқталады. 
Бірінші және екінші мойын омыртқалары атлант-шүйде және атлант-білік 
буындарымен байланысады. 
11. Атлант-шүйде буыны – articulatio atlantooccipitalis. Шүйде сүйегінің 
айдаршығымен құрылған және атланттың краниальды-буынды бетімен. Буыны 
кәдімгі, екі білікті. Бүгу мен жазғыш қозғалыстары білікке қарай тік, ал оң мен 
солға бұрылысы білікке қарай көлденең орындалады. Буында қапшық бар, 
дорсальды және вентральды атлант-шүйде мембрана мен бүйір байламдары. 


48 
Сонымен қатар бүйірлі латеральды және медиальды байламдары бар, олар 
атланттың краниальды шетін шүйде сүйегінің мойындырық өсінділерімен 
байланысады. 
12. Атлант-білік буыны - articulatio atlantoaxialis. Екінші мойын омыртқасының 
тісше тәріздес өсінді мен атланттың байланысы арқылы пайда болады. Бір 
білікті, қарапайым буын. Буында, қапшықтан басқа, басқа байламдар да бар. 
Қапшық -capsula articularis, доға аралық байланыс -ligamentum interarcuale 
атлант доғасынан білік доғасына қарай өтеді. Доға арналық байланыс -
ligamentum interspinale атланттың төмпешігінен бастап біліктің жотасына дейін 
жетеді. Ішкі тісше тәріздес байланыс - ligamentum dentis internum тісше 
өсіндісінен басталып атланттың доғасына қарай аяқталады. Сыртқы тісше 
байланысы - ligamentum dentis externum атланттың вентральды төмпешігінен 
бастап тісше тәріздес өсіндіге дейін бағытталады. Қабырға омыртқамен екі 
буынмен: қабырға басының буыны - articulatio capituli costae, екіншісі қабырға 
төмпешігінің буыны -articulatio tuberculi costae. Буында буын қапшығы мен төрт 
арнайы байланыс орналасқан. Қабырға басының радиальды буыны - 
ligamentum capituli costae radiatum қабырға басынан басталып омыртқаның 
денесіне дейін созылады(сурет 22). Қабырға басын байланыстыратын байлам - 
ligamentum coniugale costarum деп аталады. Ол қабырға басының шұңқырынан 
бастап басқа жақтан қабырға басының шұңқырына дейін созылады.Қабырға 
төмпешігінің байламы - ligamentum tuberculi costae деп аталады. Ол қабырға 
төмпешігінен бастап көлденең өсіндіге дейін созылады. Қабырға мойының 
байламы - ligamentum collum costae деп аталады. Ол қабырға мойынынан 
алдыңғы омыртқаның доғасына дейін жетеді. 
Қабырғалар қабырға шеміршектерімен бір-бірімен әртүрлі байланысқан: 
қабырғаның кеуде ұшы қабырға шеміршегімен синхондрозды қосылады: 2-
шіден 9-ші қабырға тығыз буынның көмегімен байланысады. 
Буын қапшығы бар кабырға шеміршектері кеудемен – кеуде-қабырға буының - 
artictilatio sternocostalis құрайды
Кеуде сүйегінің тұтқасы буын кеудесінің денесімен жалғасады. Бас сүйектің 
сүйегі тігінмен байланысады. Төменгі жақ сүйегі самай сүйегінің қабығымен 
байланысады да, самай-төменгі жақ сүйегінің буынын 
-articulatio 
temporomandibularis түзеді. Буынды беттері арасында буынды мениск – discus 
орналастырылған, сондықтан ол сондай күрделі. Бүгу мен жазу қозғалыстарын, 
оң мен солға бұрылу. Байланыс аппараты қапшық, бүйірлі және артқы 
байланыстан тұрады.


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет