Бақылау сұрақтары: 1 Әртүрлі үй жануарларының ортан жілік құрылысының ерекшеліктерін атап
өтіңіз?
2 Асықты жіліктегі дистальды эпифиз блогынан басқа, қандай сүйектер
орналасады?
3 Сиырларда асықты жілік қандай пішінде болады?
4 Тілерсек сүйегінде қанша қатар бар екенін және қандай сүйектер
орналасқанын орыс және латын тілінде атаңыз?
5 Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың біліктік қаңқасында бас қаңқасы мен
омыртқалар байланысын оқып-зерттеу.
Омыртқалар денесі бір-бірімен талшықты шеміршекпен және көлденең
дорсальды және вентральды байламмен байланысады(сурет 21). Омыртқа
аралық талшықты шеміршектер - fibrocartilagenes intervertebralis көршілес
жатқан омыртқалардың бас пен шұңқырларында орналасады, үстінен
талшықты сақина - anulus fibrosus, ал ортасында пульпозды ядро - nucleus
pulposus құрайды.
1. Дорсальды көлденең байламы - ligamentum longitudinale dorsale – арқа
жұлының астында, омыртқа каналында орналасқан, омыртқаның денесіне
қосылады да, екінші мойын омыртқасынан бастап құйымшақ сүйегінің
денесінде аяқталады.
2. Вентральды көлденең байланыс-ligamentum longitudinal бел омыртқасының
астында орналасқан, соңғы төрт көкірек омыртқаларының вентральды
жотасынан бастап құйымшақ сүйегінің денесінде аяқталады.
3. Омыртқа доғасы доға аралық байланысы - ligamenta interarcualia арқылы
қосылады.
4. Омыртқаның көлденең өсінділері омыртқа аралық байланыс - ligamenta
intertransversarii арқылы қосылады.
5. Омыртқаның буынды өсінділері буын қапшығысаpsula articularis арқылы
қосылады.
47
6. Қылтықты өсінділер бір-бірімен қылтық аралық байланыспен- ligamenta
interspinosus қосылады.