А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет8/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

3-сурет. Қабырғалар. І – сиырда; ІІ – жылқыда; ІІІ – қабырғаның омыртқа 
ұшы; 1 – қабырғаның басы, 2 – қабырғаның төмпешігі, 3 – қабырғаның 
мойыны, 4 – қабырғаның бұрышы, 5 – қабырғаның денесі, 6 – буынды емізік, 7 
– бұлшықетті емізік. 
Төс сүйек немесе төс - sternum. 
Сиырларда төс сүйек 7 сүйек сегментінен тұрады, онда тұтқа, денесі мен 
семсерше өсіндісін ажыратады(сурет 4). Төс сүйек тұтқасы -manubrium sterni 
қабырға шеміршектерінің бірінші жұбы үшін екі шұңқыры бар. Төс сүйек 
денесі - corpus sterni. Төс сүйектің екі шетінде 7 жұпты буынды шұңқыр - foveae 
articularis costales орналасқан. Семсерше өсіндісі - processus xiphoidea семсерше 
шеміршекпен аяқталады. 


13 
4- сурет. Төс сүйегі.І – сиырда; ІІ – шошқада; ІІІ – жылқыда;IV – итте; 1 – төс 
сүйегінің тұтқасы, 2 – төс сүйегінің денесі; 3 – қылыш тәріздес өсінді; 4 – 
қылыш тәріздес сіңір. 
 Бақылау сұрақтары: 
1 Кеуде қуысы дегеніміз не және ол қандай сүйектерден құралады? 
2 Әртүрлі үй жануарларының көкірек омыртқалары мен қабырғаларының саны 
неше? 
3 Көкірек омыртқасының элементтерін көрсету мен атау? 
4 Төс сүйектің құрылысы? 
 
1.2 Қаңқаның мойын омыртқалары 
Сабақтың мақсаты: 
1.Қаңқаның мойын омыртқаларын оқып зерттеу. 
2.Ең маңыздысы әртүрлі жануарларда мойын омыртқасының құрылыстарының 
ерекшеліктерін оқып-зерттеу. 
Барлық жануарлардың мойын омыртқалары – 7. Өзінің құрылысы 
бойынша мойын омыртқалары - vertebrae cervicaies – бірдей емес(сурет 5). 
3,4,5 мойын омыртқалары бір-бірімен өзара ұқсас. Қалған мойын 
омыртқалары, яғни бірінші мен екінші көптеген ерекшеліктерімен 
ерекшеленеді. Ортаңғы мойын омыртқалары өздерінің құрылыстары бойынша 
әбден кәдімгі. Олардың денелері қысқа және омыртқа мойыны жақсы дамыған. 
Краниальды және каудальды буын өсінділері жақсы дамыған. Жылқылардың 
мойын омыртқалары ерекшеленеді: денелері ұзын келген, басы ірілеу және 


14 
шұңқыры терең, ал қылтықты өсіндісі нашар дамыған; шошқаларда оның 
денесі қысқа және қылтықты өсіндісі ұзын келеді, қабырға өсіндісі көлденең 
келген, ал вентральді жотасы мүлдем жоқ; иттерде каудальды буынды 
өсіндісінде қосымша өсінділері жақсы дамыған.
Алтыншы және жетінші мойын омыртқалары типтік мойын 
омыртқаларынан ерекшеленеді. Алтыншы мойын омыртқасының вентральды 
пластинасы шомбал, көлденең - қабырғалы ойысы үлкен, ал вентральды жотасы 
жоқ және басқа мойын омыртқаларға қарағанда мұндағы қылтықты өсіндісі өте 
жақсы дамыған.
Жетінші мойын омыртқасы біркелкі көлденең өсіндісімен ерекшеленеді 
және көлденең арасындағы шұңқыры жоқ. Шұңқырдың екі шетінен бірінші 
қабырға үшін каудальды қабырғалы ойысы орналасқан. Қылтықты өсіндісі 
үлкен және басқа мойын омыртқалармен салыстырғанда мұндағы омыртқаның 
ойығы кең келеді.
Әртүрлі 
үй 
жануарларында 
алтыншы 
және 
жетінші 
мойын 
омыртқаларының арасындағы ерекшелік мәнсіз.
Бірінші мойын омыртқасы - атлант – atlas, бастың қимылдауына үлкен 
мән береді, басқа мойын омыртқаларынан өте ерекшеленеді. Атлантта 
дорсальды - arcus dorsalis және вентральды - arcus ventralis доғалар орналасқан.. 
Дорсальды доғада дорсальды төмпешік - tuberculum dorsales, ал вентральды 
доғада - вентральды төмпешік– tuberculum ventrales орналасқан.Олардың 
мақсаты бұлшық етті бекітіп, ұстау. Атлантта көлденең өсінділері шомбал 
келген, түзу қанаттарды - alae atlantis құрады. Атланттың қанаттарында екі жұп 
тесік - foramen alares бар, ол қанатты шұңқырға ашылады, осы омыртқа аралық 
шұңқыр - foramen intervertebrales омыртқаның шұңқырының бастамасы болып 
келеді. Атлант қанатының краниальды шетінде краниальды буын ойыстары - 
fossa articularis cranialis орналасқан, ол шүйде сүйегінің бұлшық етімен жалғасу 
үшін өз қызметін атқарады. Екінші мойын омыртқасымен жалғасу мақсатында, 
қанаттың каудальды ұшында шығып тұрған каудальды буын беті -facies 
articulares caudales орналасқан.


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет