16
аралық шұңқыр орналасқан. Шошқалардың атлантында үш шұңқыр бар, олар:
қанат тәріздес, омыртқа аралық және көлденең аралық. Иттерде атлант
қанаттары горизонтальды, жұқа, түзу,
қанатты ойыстары жаман дамыған,
қанатты шұңқыры алдыңғы қанатының шетінде ойыс құрайды, ал көлденең
аралық шұңқыры жақсы көрінген.
Екінші мойын омыртқасы –білікті (остік)
немесе эпистрофей - ахis
(epistropheus). Омыртқа басының орнына, ол тісше тәріздес өсінділерімен - dens
ерекшеленеді, қылтықты өсінділердің орнында жота –crista орналасқан,
сонымен қатар негіздемеде әлсіз көлденең - қабырғалы өсінділерінде көлденең
тесіктерін -foramen transversarium көруге болады.Көлденең өсіндінің алдында
омыртқа
аралық шұңқыр ашылады, краниальды буын өсінділері өте мықты
және олар тісше өсінділерінің шетінде мен артында орналасады.
Бақылау сұрақтары:
1 Үй жануарларында қанша мойын омыртқалары бар және мойын ұзындығына
байланысты ма?
2 Басқа омыртқа бөлімдерінен мойын омыртқалары немен ерекшеленеді?
3 Бірінші мойын омыртқасы басқа
мойын омыртқаларынан немен
ерекшеленеді?
4 Екінші мойын омыртқасы басқа қалған мойын омыртқаларынан немен
ерекшеленеді?
Достарыңызбен бөлісу: