17
6-сурет. Бел омыртқасы. А – жылқы, Б – ірі қара мал; В – шошқа, Г – ит. 1 –
білікті өсінді, 2 – көлденең қабырға өсіндісі, 3 – краниальды және 4 –
каудальды буын өсіндісі, 5 – емізікше өсіндісі, 6 – қосымша өсіндік.
Ерекшеліктері: жылқыларда бірінші омыртқаның денесі үш қырлы және онда
вентральды жотасы орналасқан, қылтықты өсіндісінің
биіктігі енінен гөрі аса
түседі. Шошқалардың қраниальды буынды өсіндісіндегі өсінділер емізікше, ал
каудальдыда олар цилиндр тәріздес. Мұнда ветральды жоталар да бар.
Көлденең өсінділер доға тәріздес, негіздемесінде дорсо-вентральды тесіктері
бар. Иттерде буынды өсінділердегі өсінділер тегіс.
Каудальды буын өсіндінің
қасында қосымша өсінді -processus accessorius орналасқан. Омыртқа денесіндегі
вентральды жотасы жоқ. Қылтықты өсінділері ұзын.
Құйымшақ омыртқалары.
Құйымшақ омыртқасы - vertebrae sacralis - бір-бірімен бірігіп құйымшақ сүйекті
- os sacrum түзеді(сурет 7). Сиыр мен жылқыда құйымшақ сүйегі 5 омыртқаны
түзеді, шошқаларда – 4, иттерде – 3. Құйымшақ сүйегіндегі қылтықты
өсінділері -processus spinosus құйымшақ жотасымен - crista sacralis бірге
бірігеді, ал доға аралық шұңқыр - foramen interacularis
тек жылқыларда ғана
болады. Көлденең – қабырғалы өсінділер шетпен бірге тұтасып, құйымшақ
сүйегінің қанатын - ala ossis sacri құрайды. Қанатта
құлақша тәріздес буын
беттері -facies auricularis орналасқан, ол жамбаспен мүшелену үшін қызметін
18
атқарады. Құйымшақ сүйегінің вентральды беті ішке қарай иілген. Ал омыртқа
аралық шұңқыры дорсальды және вентральды
тесіктер - foramen dorsalis,
foramen ventralis қатарына айналды. Құйымшақ сүйегіндегі жота негізінің
краниальды ұшында құйымшақ сүйегінің басы- caput vertebrae және сол бастың
шеттерінен краниальды буын өсінділері -processus articularis cranialis мен
каудальды ұшында каудальды буын өсінділері - processusarticularis caudalis
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: